Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КАДР ДАЯРЛАУ – КҮРДЕЛІ ІС

КАДР ДАЯРЛАУ – КҮРДЕЛІ ІС


Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев білім беру және отын-энергетикалық кешенді дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда осы аталған салаларда 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері қаралды.
Жиын барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жаңа экономика қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша сөз сөйледі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі отын-энер­гетикалық кешенді дамыту бағыттары бойынша 2018 жылға арналған толық жұмыс жоспарын ұсынды.
Сондай-ақ сәрсенбі күні Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасымен, Үкімет жетек­шісі Б.Сағынтаев Дін істері және аза­маттық қоғам министрлігінің ұжымына жаңа министр Дархан Кәлетаевты таныс­тырды.
«Бүгін Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатып, Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды» деп мәлімдеді Премьер-министр.
Ол Нұрлан Ермекбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Ведомство құрылғаннан бергі бір жарым жыл ішінде оның басшылығы министрлік жұмысын жолға қойды. Барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, кәсіби ұжым қалыптасты» деген Бақытжан Сағынтаев Нұрлан Ермекбаевқа алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Д.Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, сондай-ақ оның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
Үкімет басшысы түрлі жылдарда еліміздің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық өміріне белсенді қатысқан Дархан Кәлетаевтың кәсіби қасиеттерін атап өтті. Министрліктің жаңа басшылығы мен ұжымына Мемлекет басшысының тап­сырмаларын орындау бойынша міндеттер жүктелді.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Елбасының 2016 жылғы 13 қыр­күйектегі «Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен құрылған болатын. Министрлік діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, азамат­тардың құқығы мен діни сенім бостандығын, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара байланысын қамтамасыз ету, сонымен қатар жастар саясаты саласындағы жұмыстармен айналысады.
Айхан ШӘРІП
06 сәуір 2018 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031