Шаңырақтың шаттығы – сәби
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын атап берді. Демек көне дәуірлердің бастау бұлағы болған ізгі салт-дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңаруға жол жоқ. Халқымыздың осындай тамыры тереңнен бойлаған, тарихымен бірге жасасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары. Бақытты отбасында өскен әр бала – болашақтың негізін қалар қалқан.
Отан отбасынан басталады. Осы қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Өзгермейді де. Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде халықаралық отбасы күні мерекесін атап өтудеміз. Бұл жаңа отау көтерген жас шаңырақтың іргесін бекітіп, үлгілі отбасын үлгі ететін айтулы күн. Осы күні Шиелі ауданаралық аурухананың перзентхана бөлімінде 5 сәби дүниеге келді. Бес күндік ғұмырда бар бақытымыз да, қызығымыз да, күйбең тіршіліктің көлеңкелі сәттерін ұмыттыратын да балаларымыз екені даусыз. Қазақ байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшейтіні де содан болар. Бала көбейсе, бұл бір отбасының құт-берекесі ғана емес, күллі елдің байлығы, ұлт демографиясына дем берер жемісі.

Осыны ескерген аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің мамандары «Мемлекеттік Рәміздерге – 30 жыл», «Балалар жылы» және «Отбасы күні» мерекесіне орай сәбилі болған аяулы аналарды құттықтауды да назардан тыс қалдырмады. Нақтырақ айтар болсақ, аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найля Палымбетова, сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова мен «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ержан Әбдеш 5 ананы перзентханаға барып құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Сәбиін бауырына аман-есен басқан жас аналар ақ халаттылар мен аудан әкімдігіне алғаусыз алғысын білдірді.
– Отбасы күні мерекесі қарсаңында дүние есігін ашқан сәбилер туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Тұрмағанбет Әлиасқарұлы.
Отбасы – тәрбиенің бастау бұлағы.Ал баланы өмірге бейімдеу ана мен әкенің мойнында. Қазақы дәстүрдің қалыбына үйлестіре айтатын болсақ, әйел-ана ежелден ер-азаматтың сенімді серігі, аяулы жары мен жөн сілтер ақылшысы болып құрметтеледі. Отбасындағы бала тәрбиесіне әйел-ана араласпай тіршіліктің тағы да ажары мен аспаны ашылмаған. Көшпелі дәуірдің дәстүрінде бала бағу, яғни оның бес жасқа дейінгі өсіп-жетілуі ананың ақ сүті мен аялы алақан жылуымен жүзеге асса, одан кейінгі кезеңдегі тәрбиесінде әке мен жалпы қоғамның атқарар міндеті орасан зор деп есептелген.
С.МАДИЯРОВА