Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиын-терім науқаны қалай жүруде?

Жиын-терім науқаны қалай жүруде?

Аудан бойынша күріш егісін ору жұмыстары 25 тамыз күні басталғаны белгілі. Қазіргі таңда 10 750 гектар күріштің 865 гектары орылып, оның 395 гектары бастырылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков айтты.
Оның айтуынша күріштен бөлек, 1649 гектар күздік бидайдан 1814 тонна, 456 гектар жаздық бидайдан 410 тонна өнім жиналған. Ал жоңышқа шөбінің бірінші орымынан 24 990 тонна өнім жиналса, бүгінгі күнге дейін екінші орымынан 19 600 тонна жиналған.
Ауданда көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары да қарқынды жүруде. Мәселен, 1769 гектар көкөністің 1592 гектарынан 30224,8 тонна, 2408 гектар бақша дақылдарының 2 250 гектарынан 45 000 тонна өнім алынған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде бүгінде күзгі дала жұмыстарына қажетті 331 дана трактор, 116 дана комбайн, 63 дана жатка, 52 дана автомашина және 164 дана трактор бар. Ал сол көліктердің жанар-жағармайына келер болсақ, аталған көліктерге мемлекет тарапынан 1726,0 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, оператор «РК Мұнай» ЖШС арқылы литрі 210 теңгеден шаруашылық құрылымдарына берілуде. Бүгінгі күнге дейін шарушылық құрылымдарының QOLDAU kz-веб порталы арқылы берген сұраныстарына сәйкес оларға 246 тонна дизель отыны таратылған.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
06 қыркүйек 2022 ж. 794 0