Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙБЫНЫМ СЕНСІҢ – АТА ЗАҢ

АЙБЫНЫМ СЕНСІҢ – АТА ЗАҢ

Биыл Тәуелсіздігіміздің айғағы болған Ата Заңға 27 жыл толды. Осынау айтулы күнге орай Шиелі ауданының өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтар алғысқа бөленді.
Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара Әнұранмен басталды. ­Кеу­деге қол қойып, Гимн айтылған соң, сөз тізгінін алған аудан әкімі Нұржан Ахатов көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтап, Шиелінің гүлденуіне үлесін қосқан жандарға алғаусыз алғысын жеткізді.
–Сіздерді мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі – Қазақстан Рес­публикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты.Наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдау­ын­да дамудың жаңа бағдарламасын, саяси реформалардың 10 бағытын нақтылап берді. Ел жаңғыруының бастамасы ретінде елімізде Ата Заңымыз Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізілді. Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президенттің Конституциядан бастауын барша халық әділеттіліктің нышаны ретінде қабылдап, мемлекет басшысының бастамаларына сенім артты, қолдау білдірді. Бұл – мызғымас бірлігіміздің, тату-тәтті тірлігіміздің, қазақы болмысымыз бен жарқын болашаққа деген халықтың зор сенімінің арқасы деп білемін. Мерейлі мерекеміз үстем болсын! Еліміз татулық пен бірлігінің арқасында қарышты даму жолынан таймасын. Әрбір отбасына жақсылық пен ізгілік, береке мен ынтымақ тілеймін, – деді аудан басшысы.
Еліміздің ең ұлық мерекесінде ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара патриоттық әндер мен мың бұрала билеген бишілер өнер көрсеткен мерекелік концертпен түйінделді.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
30 тамыз 2022 ж. 445 0