Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауда барлық мәселе айтылды

Жолдауда барлық мәселе айтылды

Бүгін, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. 

Ия, бүгінгі Жолдаудан халықтың күткені көп болды. Өзім де бүгінгі Жолдауды аса қызығушылықпен бастан аяқ тыңдап шықтым. Бүгінгі Жолдау " Жаңа Қазақстан" жасақтауға жасалған тағы бір нық қадам болды. Бірінші, жастарға қолдау күшейді. Келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беріледі. 

Екінші, әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы. Яғни, аналарымыз бен апаларымызды зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас дейгейінде сақталады. Бұл мәселе қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе екені белгілі. 

Келесі, рақымшылық. Президент бүгінгі Жолдауда Қаңтар оқиғасында ұсақ бұзақылық жасап істі болғандарға рақымшылық жасады. Бұл рақымшылықтың ауыр қылмыс немесе мемлекетке сатқындық жасауға талпынғандарға қолданбайтынын Президент өзі атап өтті.

Тағы бір мәселе, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосу. Бұл да көптің көкейіндегі мәселелердің бірі болатын. Бәріміз де ұрпақ өсіріп отырмыз. 2024 жылдан бастап балаларымызға арнайы шот ашып, олардың жарқын болашағы үшін мемлекеттің инвестициялық табысынан қаражат түсіп отырады. Керемет жаңалық!
Жалпы бүгінгі Жолдаудың мән - маңызы айрықша. 
Барша Қазақстандықтарды елдің ертеңіне алаңдаған Президентіміздің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуына бірлесе атсалысуға шақырамын.

Жаңа Қазақстанға, Әділетті Қазақстанға нық қадаммен аяқ басайық!

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР МАХАНБЕТ ПАТИМА ШАЙМЕРДЕНҚЫЗЫ
01 қыркүйек 2022 ж. 860 0