Салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң күшіне енеді
Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң осы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді. Бұл туралы кеше Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов хабарлады. «Тұңғыш Президент - Елбасы жеке тұлғалар өздерінің салықтары бойынша борышының негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді Үкіметке тапсырғанын барлығыңыз білесіздер. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін тиісті заңдарға Мемлекет басшысы қол қойды және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. Яғни 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», – деді вице-министр. Қанат Байеділовтің айтуынша, салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі.
«Өскен өңір» ақпарат
«Өскен өңір» ақпарат