Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мың халықтың арман-тілегі орындалады

15 мың халықтың арман-тілегі орындалады

Бейсенбіде құрылысшылар күні мерекесі аясында «Мұстафа Шоқай» автоматтандырылған газ ­тарату станциясының құрылысы басталды. ­Станцияның іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Н.Ахатов қатысты.
Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, Тартоғай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Б.Пірімбетов, А.Абдраманов қатысып, ауданның тіршілігіне тың тыныс берер, халықтың тұрмыс сапасының артуына септігі мол жоба құрылысының басталуына сәттілік тіледі.
15 мыңға жуық халқы бар Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе, Бәйгеқұм, Талаптан, Жөлек секілді 6 ауылдық округті газдандыру мақсатында іске асырылып жатқан жобаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аймақ басшысының қолдауымен мамыр айында 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Жоба аясында автоматты газ реттегіш станциясымен қатар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан сағатына қысымы 20 мың текше метр газ өткізетін 21 шақырым газ құбырының желісі жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында аяқталады. Ал газ тарату станциясының негізгі қызметі – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан келіп жатқан жоғары қысымды газды реттеп, ауыл-ауылға тарату. Станция құрылысы аяқталғаннан кейін аудандағы 6 ауылдық-округке газ желісін жүргізу жоспарланған.

Рамазан ӘНӘПИЯ
15 тамыз 2022 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930