Ержан Әміров жүлдемен оралды
Өткен жексенбі күні Абай облысы, Ақсуат ауданында «Асыл домбыра» ақындар айтысы өтіп, бәйгеден Сыр елінің үш бірдей ақыны қанжығалы болған еді. Сол үштіктің арасында шиелілік дарабоз – Ержан Әміров те бар.
«Assyltas» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додаға 16 ақын қатысқан болатын. Нәтижесінде шиелілік Ержан Әміров 3-ші орынды қанжығасына байласа, Мұхтар Ниязов 2 млн 500 мың теңге көлемінде стипендия иегері атанды. Ал Аралдың жас жүйрігі Бексұлтан Орынбасар арнайы жүлдемен марапатталды.

Сейсенбі күні сол республикалық айтыста топ жарған ақын Ержан Әміровті жерлестері қошеметтеп күтіп алып, ақ тілектерін арнады. Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов айтыскерге шапан жауып, оның анасына ақ жаулықты орамал тақса, айтыскердің өнердегі ұстазы Кенжебай Жүсіп шәкіртінің жеңісі үшін шынайы қуанатынын, алда оның талай шыңдарды бағындыратынына сенімді екендігін айтты.
Мұнан соң Ержан Әміровтің өзі тәрбиелеген қос шәкірті арнау айтып, жиылған елдің көңілін бір марқайтты. Ал шара соңында Ержанның досы Балдәурен Құлқараев «Құлқараевтар» шаруа қожалығының атынан айтыскерге тұлпар тарту етті.
Рамазан ӘНӘПИЯ