Дерт дендемесін десек...
Қайта бас көтерген коронавирустың қандай «сыйы» бар екені бізге беймәлім. «Карантин қайта келуі мүмкін» деген пікірдің белең алғанына да екі ай болды. Оған 31 шілде де 2713 адамның тәж вирусын жұқтырғаны да дәйек. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1350180-нен асқан. Ал облыс бойынша өткен тәулікте нақты індет жұқтырғандардың саны – 52.
Бұрын болмаған вирусты жұқтыру да, одан сауығу да сан түрлі ойға жетелейді. Ең қымбат деген дәрі-дәрмектердің өзі де дауа болмай, келместің кемесіне мініп кетіп жатқандарды көз көрді. Қысқасы, озық медициналық технологиялармен мұздай қаруланған елдердің өзі індет өршіген кезде вирустың құлқынын тани алмай, дәрменсіз болғанына куә болғанымыз анық.
Бұрын болмаған вирусты жұқтыру да, одан сауығу да сан түрлі ойға жетелейді. Ең қымбат деген дәрі-дәрмектердің өзі де дауа болмай, келместің кемесіне мініп кетіп жатқандарды көз көрді. Қысқасы, озық медициналық технологиялармен мұздай қаруланған елдердің өзі індет өршіген кезде вирустың құлқынын тани алмай, дәрменсіз болғанына куә болғанымыз анық.
Қазақстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы 3,2 есе өсті. Олардың 89%-ке жуығы екпе алмаған және соңғы 6 айда ревакцинациядан өтпеген.
«Ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр. Қазір эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай күрделі емес. Алайда науқастар саны күрт көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артқаны мәселе болып тұр. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде ғана емес, жалпы талаптар туралы талқылаймыз», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.
Матрицаның өзектендірілгені ескеріле отырып, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары қайта қаралды. Коровирусқа қайта жол бермеу мақсатында төмендегі жағдайлар қажет болып табылады.
Өңір «жасыл» аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте бетперде тағу ұсынылады.
Өңір «сары» аймаққа ауысқан жағдайда:науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізуді шектеу (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі) шаралары қолданылады. Сондай-ақ санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, үй-жайларды күнделікті желдетіп тұру қажет.
Халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалы, автовокзалдар, базарлар, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық бетпердені тағуға кеңес береді. Яғни, індет күшейсе сақтық шаралары да қатаңдай түспек.
Ендеше дерт дендемесін десек, саулығымыз жолындағы басты талаптарды ұмытпайық.
«Өскен өңір» ақпарат