Коронавирус: жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе?
Елімізде коронавирус індеті қайта дендеп барады. Бұлай деуіміздің себебі соңғы 1 айда ел ішінде оны жұқтырғандар саны күрт өсіп кеткен.
Мәселен, соңғы 4 күннің өзінде Қазақстанда 5750 адамнан індет жұқтыру дерегі тіркеліп, ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы тұрғындары екені анықталған. Ал бірнеше уақыт бойы коронавирус тіркелмей келген Қызылорда облысында да жағдай мәз емес. Соңғы күндері өңірде 141 адам коронавирус індетін жұқтырыпты. Осы себепті денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «індет өршіп кеткен жағдайда қандай шектеулер болуы мүмкін?» деген сауалға жауап берді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңа әдіспен жасалмақ. Денсаулық сақтау министрлігі әзірленген шектеу шаралары ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында талқыланады. Әзірленген шектеулерде – байланыста болған адамдар, жұмыс пен шектеулер, иммунитеті жоқ науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағуды міндеттеу шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «қызыл» аймаққа өткен кезінде «сары» аймақта қабылданатын шаралармен қатар, стационар мен АМСК жүктемесіне байланысты екі кезеңде халықтың жүріп-тұруы мен кәсіпкерлік субъектілері қызметін шектеу шаралары қабылданады.
Ал биыл коронавируспен күресуге бюджеттен 100 миллард теңге қарастырылған. Бұл қаражаттар вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Салыстырмалы түрде былтырғыға қарағанда, бұл (бюджет) алты есе аз. Министрдің айтуынша, бұл сома толық жетеді. Жетпеген жағдайда бюджетті қайта қарауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, елімізде 2020 жылы COVID-19-бен күресуге бюджеттен 252 миллиард, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалған болатын.
Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ