Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Базалық зейнетақы төлемдері өсіп, зейнет жасы қысқара ма?

Базалық зейнетақы төлемдері өсіп, зейнет жасы қысқара ма?

Бұл ­сауал зейнеткерлер мен жалпы зейнет жасына жетіп, немер-шөберлерінің қызығын көріп отыруға ниетті барлық азаматтарды толғандыратыны анық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ­Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазір есеп жұмыстары жүргізіліп, базалық зейнетақының мөлшерін көтеру ұсынысы жұмыс тобының қарауына жіберілген.
– Біз барлық ұсыныс, есептеуімізді жұмыс тобына береміз. Оның құрамында Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары бар. Бірінші кезеңде барлық есептеулерімізді ұсындық. Бүгін бірінші кезеңді аяқтадық. Енді екінші кезең Қаржы және Ұлттық экономика министрлері деңгейінде қарастырылады. Содан кейін республикалық бюджет комиссиясына барамыз, – деді Тамара Дүйсенова.
Еңбек министрлігі басшысының айтуынша, базалық зейнетақы параметрлерін өзгерту ұсынылып отыр. «Зейнетақы жүйесіне келетін болсақ. Біз қазір тағайындап жатқан жиынтық зейнетақының мөлшері былтырғымен салыстырғанда азайып барады, өйткені еңбек өтілі қысқа. Осыған байланысты қазір базалық зейнетақының параметрлерін арттыруға болатындай етіп өзгерту туралы өз есептеулерімізбен ұсыныс енгіздік. Екіншісі, ынтымақты зейнетақының параметрлерін өзгерту, оны да көбейтуге болады. Үшіншіден, қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз», – деді Дүйсенова.
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?
Еңбек министрі айтып отырған зейнетақы аннуитет дегеніміз – ер адамдар 55 жастан, ал әйелдер 50 жастан бастап өмірінің соңына дейін зейнетақы төлемдерін заң жүзінде алуға мүмкіндік беретін жалғыз қаржы құралы.
Бірақ зейнетақы аннуитетін сатып алғысы келетін адамның ЖЗҚ-да жеткілікті ақшасы болуы тиіс деген шарты бар. Демек аннуитеттік төлемге көшетін клиенттің есеп-шотында белгілі бір сома жатуы тиіс. Мысалы, сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді ерлер 55 жастан бастап ала алады, 2022 жылы 55 жастағы ер адам үшін зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеткіліктілік сомасы 6,7 млн теңгені құрайды. Ал әйелдер 52 жастан бас­тап ала алады, 2022 жылы 52 жастағы әйел үшін зейнетақы аннуитетінің құны 9 млн теңгені құрайды. Зейнетақы аннуитеті адамға ғұмыр бойы төленеді, оның көлемі келісім-шартқа қол қойылған күні көрсетілген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Яғни 2022 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 46 302 теңге болса, зейнетақы аннуитетін пайдаланған адамға әр ай сайын осы мөлшерде зейнетақы төленіп отырады.

Рамазан ӘНӘПИЯ
02 шілде 2022 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031