Ауыл тарихы таңбаланған кітап
Сәрсенбі күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде ауданның бетке ұстар азаматтары мен ауыл тұрғындары бас қосқан думанды шара болып өтті.Негізгі мақсат – ауылдың ардагер ұстазы Айжамал Әбдіхамитқызының қаламынан шыққан «Алғабас – алтын бесігім» атты кітаптың тұсаукесерін өткізу.
Ал салтанатты кеште кітаптың тұсаукесер рәсімінде тілек білдіру үшін аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, Өркен Исмаил, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет, аудан ардагері Әшім Оразбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы арнайы шақыртылды. Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, Айжамал Әбдіхамитқызының ұстаздық қызметі мен штаттан тыс тілшілік қызметтегі еңбегін жоғары бағалап, кітаптың ауыл тарихын жаңғыртудағы үлесін атап өтті. Мұнан соң сөз алған аудан ардагерлері Өркен Исмаил мен Әшім Оразбекұлы замандастарының ізденімпаздығы мен еңбекқорлық қасиетін, қызмет жолындағы түрлі сәттерді еске түсірді. Ал аудандық газеттің бас редакторы Нұрболат Пірімбет «Әр ауылдан осылай өз туған жерінің тарихын кітап бетіне таңбалап, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыратын азаматтар шықса» деген ұсынысын, тілегін айтты. Мұнан соң кітап қонақтарға табысталды. Кеш қонақтары Айжамал Әбдіхамитқызына ақ жаулық жауып, аудандық «Өскен өңір» газетінің ұсынысымен дайындалған «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісін табыстады.

Автордың өмірдерегіне тоқталар болсақ, Айжамал Әбдіхамитқызының негізгі мамандығы – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1945 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінде дүниеге келген ол Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында білім алған. Еңбек жолын 1967 жылы Жиделіарық 8 жылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруден бастаған. Сол жылдардан бері білім беру саласында 30 жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп, зейнетке шыққан. Сондай-ақ 1970 жылдан бері аудандық «Өскен өңір» газетінде де штаттан тыс тілші болып, түрлі тақырыпта мақалалары жарық көріп келеді. Мұнымен қоймай 77 жастағы қария ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі қоғамдық қызметтерінен де ажыраған емес. Ал отбасына келер болсақ, апамыз 51 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп келе жатқан жұбайымен 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Сол ұл қыздарынан 15 немере 9 шөбере сүйіп, бүгінде аяулы әже атанып отыр.
Жасының 80-ге таяп қалғанына қарамастан қария бар қажыр-қайратын жинап, кітапты жазып шыққан көрінеді. Бұған оның мына сөздері дәлел.
– Көптен бері ойыма алып жүрген осы бір кітапты жазу арманымды жүзеге асырғаныма қуаныштымын. Кітапта өзім өсіп-өнген, бір ғасырға жуық тарихы бар Алғабас ауылының өмірін, шаруашылықты құруға атсалысқан еңбеккерлердің қажырлы ісін, тағдырын, адами қасиетін арқау еттім. Сондай-ақ мұнда өзімнің газет бетінде жарық көрген жазбаларым мен ойтолғамдарымның ең таңдаулыларын енгіздім, – дейді Айжамал Әбдіхамитқызы.
Рамазан ӘНӘПИЯ