Референдум: спорт саласы қызметкерлерімен кездесу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен басталған Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда.
Өткен аптада ауданға Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт жанашыры, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Садық Мұстафаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл арнайы іс-сапармен келіп, алдағы маңызды науқан туралы жиын өткізді. Көкшоқыдағы «Арман» мәдениет үйінде өткен басқосуда спорт саласының қызметкерлері мен бапкерлер қатысып, ой бөлісті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов жүргізіп отырды.

Президенттің бастамасымен елімізде Жаңа Қазақстанды құру мақсатындағы саяси жаңғыру қадамдары басталды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанды жаңа бағытта өркендетуге бастайтын үлкен өзгеріс екенін топ мүшелері алға тартты. Ауданның спорт саласының қызметкерлері Ата Заңға енгізетін түзетулер бойынша 5 маусымда өткізілетін референдумға қатысып, маңызды науқанда саяси белсенділік танытуға ниет білдірді.
Кездесу соңында жаттықтырушылардың жалақы айырмашылығы, спорт құралдарының сапасы, спорт мектебі ғимаратын жөндеуден өткізу секілді бірнеше мәселе көтеріліп, шешу жолдары талқыланды.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ