Жаңа кезеңге бастайтын қадам
5 маусымда республикалық референдум өтеді. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бастаманың маңызы зор. Бұл Қазақстанның болашағын айқындайтын қадам. Осы мақсатта 19 мамыр күні облыстық штаб өкілдері референдумның маңыздылығын түсіндіру үшін Ш.Қодаманов ауылдық округінде болып қайтты. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, облыстық штаб мүшелері Мұрат Жолдасбекұлы мен Назира Кенжебекқызы, ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ҮЕҰ мүшелері, мәдениет саласы қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты.
Тарихтың парағы жабылған сайын жаңа күндердің беті ашылып, адамзаттық өркениетке ілескен қазақ халқының болашақтағы бет-бейнесі айқындалып келеді. Шынтуайтында, әр қиындық, ауыртпашылық адам баласын тың серпіліске, дамуға жетелейтіні айқын. Биыл жыл басындағы ауыр күндердің әсеріне байланысты еліміздің саяси өміріне үлкен өзгеріс енгелі тұр. Яғни 5 маусым күні ел үшін елеулі оқиға орын алмақ.
Тарихтың парағы жабылған сайын жаңа күндердің беті ашылып, адамзаттық өркениетке ілескен қазақ халқының болашақтағы бет-бейнесі айқындалып келеді. Шынтуайтында, әр қиындық, ауыртпашылық адам баласын тың серпіліске, дамуға жетелейтіні айқын. Биыл жыл басындағы ауыр күндердің әсеріне байланысты еліміздің саяси өміріне үлкен өзгеріс енгелі тұр. Яғни 5 маусым күні ел үшін елеулі оқиға орын алмақ.
Бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияға енгізілер өзгерістерді талқылаған қараша халықтың құлшынысын көріп, алдағы күндердің жарқын болатынына сенім арта бастағандай. Ондағы билік тармақтарын бекіту, жер мен қазба байлықты ел игілігіне теңдей бөліп, жақсылыққа жұмсау сыңайлы аса өзекті өзгерістер ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Сол себепті қазір еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін референдум сөзінің мән-мағынасын ұғынуға ұмтылып отыр. Осының өзі дамуға, өркендеуге қадам басқан Жаңа Қазақстаның сипатын айғақтай түсіп, келер кезеңнің кескіні керемет боларынан белгі беретіндей әсер қалдырады.
Ақпарат үшін айта кетейік, жалпыхалықтық референдумда қызмет еткендерге 275 мың теңгеден төленеді. Бұл заң бойынша белгіленген елдегі орташа жалақы мөлшері. Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің мәлімдеуінше, бірақ саяси науқанға атсалысқандардың барлығы бірдей мұндай еңбекақы алмайды. Оның өз тәртібі бар. Саяси науқанға бөлінген қаржының 80 процентке жуығы қызмет еткен комиссия мүшелерінің, бақылаушылардың жалақысы. Ол елдегі орташа жалақы мөлшерімен есептеледі. Ұлттық статистика бюросының 1 сәуірдегі ақпаратында ол 275 438 теңге болды.
Жоғарыда айтқандай, референдумда қызмет еткендердің барлығы мұндай қомақты еңбекақы алмайды. Олардың табысы жұмыс істеген уақытына қарай есептеледі. 3 күннен соң, яғни 23 мамырдан бастап қазақстандықтарға SMS арқылы қай учаскеге тіркелгені туралы хабарлама келетін болады. 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы референдумға қатысуға мүмкіндігі бар. Елде 10 мыңдай учаскеден 11 миллион 722 мың қазақстандық дауыс беруі керек деген болжам жасалып отыр. Референдумның әділдігін әдеттегідей шет мемлекеттен шақырылатын ұйымдар мен халықаралық бақылаушылар да қадағалайды. Сондай-ақ тағы 20 елдің орталық сайлау комиссияларының төрағаларына шақырту жіберген. Бірақ олардың жатар орны мен ішер тамағы мемлекет есебінен емес. Орталық сайлау комиссиясындағылар оларға тек түртіп қояр қойын дәптері мен қаламсабын ғана алып береді екен.
Күллі Қазақстанды қамтитын референдумда Президенттің отбасы мен туған-туыстарына ерекше мәртебе бермеу, кең-байтақ жеріміз бен оның ішіндегі қазба байлықты халықтың игілігіне жарату сынды мәселелерге ұлт болып ұйысқанда ғана өзгеріс енгізу болатынын ұғынатын уақыт келгенін түсінгендей болдық. Ендеше, өз үнімізді білдіріп, қолдау көрсететін мезгіл келді. Ата Заңды өзгерту өз қолымызда.
С.МАДИЯРОВА