Тоқсан сайын жүздесу тоқсан түрлі ой қозғайды
Аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың халықпен есепті кездесу: Ақмая, Ш.Қодаманов, Жиделіарық, Еңбекші, Алмалы, Ақтоған, Керделі ауылдық округтерінде жалғасты.
Алдымен ауылдардағы әлеуметтік нысандарды аралап, жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелер мен ғимараттарды қарап шыққан аудан әкімі, белгіленген уақытта, уәделі жиынға кешікпестен келіп отырды.Кездесудің басында ауданда жалпы атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланып отырған маңызды жобалар жайлы сөз қозғалды. Ал қысқаша баяндаудан кейін әр ауылдың негізгі мәселелеріне мән беріліп, салаға жауапты мамандардың тілекелей жауабы алынды. Бастысы бос сөзбен, құрғақ уәде берілмеді.

Ақмая мектебіне басшы керек
Сәрсенбідегі жүздесулердің көші Ақмая ауылдық округінен басталды. Мұнда ауыл тұрғындары ауылдық мектеп ғимаратының қазіргі жай-күйі туралы мәселе қозғады. Бұл мәселенің себебі мен салдары сол жерде тарқатылып, аудан әкімі мен ауыл тұрғындары тарапынан ортақ мәміле жасалды. Дәлірек айтсақ, тұрғындар мектеп ғимаратының жертөлесі жыл сайын суға толып жататындықтан «ғимарат апатты жағдайға түспей ме?» деп алаңдайды. Сондықтан дренажды скважина орнату мәселесі кезек күттірмейді. Сондай-ақ мектепке қатысты тағы бір мәселе білім ордасында әлі күнге дейін мектеп директоры жоқ. Тіпті директордың жоқтығына бақандай 3 жыл уақыт болған. Білім бөлімінің жаңа басшысы Қанат Әмзеевтің айтуынша аталған лауазымға бірнеше мәрте байқау өткізілген, алайда қатысушылардың бірі мемлекеттік емтиханнан, енді бірі әңгімелесу кезеңінен өте алмаған. Білім саласынан алшақтап, денсаулық саласына бет бұрсақ, ауылдық амбулаторияға жедел-жәрдем көлігінің қажеттілігі байқалады. Ал ұялы байланыстың сапасына келер болсақ, ауылда «Activ» ұялы байланыс операторы ұсынатын байланыс сапасы нашарлаған. Мәселені шешу үшін биік байланыс мұнарасы қажет.

Ш.Қодаманов ауылдық округінде жедел-жәрдем көлігі істен шыққан
Төңкеріс ауылындағы жиында мектеп жасындағы балалардың саны жыл сайын өсуіне байланысты, бастауыш сыныптарға қосымша ғимарат салып беру туралы өтініш айтылды. Алайда білім бөлімі басшысының айтуынша, мектеп 2 аусымдық оқытуға негізделгендіктен, қосымша ғимарат соғу мәселесі қарастырылмайтын көрінеді. Сондай-ақ, жаңа трансформатор орнату және бірнеше көшеге күрделі жөндеу мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері көтерілді. Тағы бір түйіткілді жағдай денсаулық саласының төңірегінде болып отыр. Себебі ауылда жедел-жәрдем көлігі ескіріп, істен шыққан. Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиеваның сөзіне сенсек, облыс бойынша денсаулық басқармасынан 7-8 дана жедел-жәрдем көлігі берілетіндіктен, бұл мәселе көптеген ауылдарда өзекті болып тұрған көрінеді. «Сондықтан мүмкіндік пайда болғанда мәселені дереу шешуге тырысамыз» – дейді, бас дәрігердің орынбасары.

Жиделіарықта ұялы байланыс желісінің сапасы төмен
Аудан әкімі Жиделіарық ауылдық округіне жасаған сапарын ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелердің жай-күйін білумен бастады. Мұнан соң ауылдық мектеп ғимаратында жиылған тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Ал Жиделіарық ауылының тұрғындары болса, ауылға жаңа трансформатор орнату, ауылдық амбулаторияға қосымша емдеу кабинеттерін қосу, жаңадан түскен көшелерге жарық пен асфальт жабындысын төсеу сынды ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, ауылда ұялы байланыс сапасы нашар. Сол үшін ұялы байланыс операторларымен келісіп, арнайы ұялы байланыс бағанасын орнату қажеттілігі бар.

Еңбекші жұрты мал жайылымын сұрайды
Еңбекші ауылдық округінде тұрғындар тарапынан алдымен аяқ су мәселесі қозғалып, жауапты мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кездесуде табиғи газ, егістік, ауыз су, аяқ су және тұрғындарды толғандырған әртүрлі мәселелер талқыланып, түйіні тарқатылды. Атап айтсақ, тұрғындар мал жайылымының жекенің қолына өтіп кеткендігіне наразы. Ал бұл мәселе турасында жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Меңлібеков «Жерді ұтып алған азаматпен келіссөздер жүргізіліп, өзге жер учаскесі ұсынылып жатыр. Ал биыл ол азамат жер учаскесіне ешқандай егін екпеуге уәде беріп отыр» деді. Басқосуда түйіні тарқатылған тағы бір мәселе жүк тасымалына, яғни Еңбекші ауылының тұрғындары аудан орталығына қатынайтын жол турасында болды. Тұрғындардың айтуынша бұл жолмен жүретін жүк көліктері белгіленген мөлшерден бірнеше есе артық жүк тиеп, жолдың сау тамтығын қалдырмаған. Сондықтан тұрғындар мәселені шешу үшін ауыл көліктері қатынайтын бөлек жол салынса дейді.
Алмалыда көлік апаты көбейген
Сәрсенбі күнге жоспарланған жиындар Еңбекші ауылында қорытындыланып, бейсенбі күні Алмалы ауылдық округінде жалғасты. Кездесу алдында аудан әкімі тұрғындарға Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы қысқаша баяндап, Мемлекет «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына сәйкес, ауданда 2022 – жылға жоспарланған және атқарылатын жұмыстар жайын түсіндірді.

Ауылдық округтегі негізгі мәселе ауыл жанынан өтіп, «Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» транзиттік жолына қосылатын ауданішілік тас жолға қатысты. Тұрғындардың сөзінше тас жолда жол апаты, мал қағу оқиғалары жиілеп кеткен. Сондықтан тұрғындар жолдың бойына көше жарығы мен жылдамдықты бәсеңдетуге арналған жол кедергілері орнатылса дейді. Бұл мәселе турасында жауап берген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолданыстағы заңға сәйкес жол кедергілерін орнатуға болмайтындығын, есесіне көше жарығы мен жылдамдық өлшейтін бейнекамералар орнату жоспарда бар екендігін айтты.
«Ақтоғандықтарға» ауыл әкімін сайлау маңызды
Ақтоған ауылдық округінде өткен есепті кездесуде елдімекен тұрғындары ауылға жаңа ауылдық емхана ғимараты және №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін, трансформатор орнату туралы және ауыз су нүктесіне қосылмай қалған бірнеше үйді қосу керектігі жөнінде ұсыныстарын айтты.

Ал жиында көтерілген негізгі мәселе 29 мамыр күні өтетін ауылдық округ әкімін сайлау науқанына қатысты болды. Дәлірек айтсақ, ауыл тұрғындары әкім сайлауына түсіп жатқан үміткерлерге наразы. Тұрғындардың ортақ пікірі мынадай «Өзіміз білетін, ертеректе осы ауылда әкім болып жұмыс істеген Тұтқабай Кейқуатов есімді азаматтың қайта әкім болғанын қалаймыз. Алайда үміткерлерді тіркеу уақыты аяқталып қойғандықтан, не істерімізді білмей отырмыз». Аталған ұсыныстарды тыңдаған аудан әкімі Нариман Мақұлбеков «заңға сәйкес үміткерлерді тіркеу уақыты белгіленген уақытта аяқталып қойды. Сол уақытқа дейін аталған азаматтың кандидатурасын ұсынып үлгерулеріңіз керек еді. Енді қайта тіркеуге тым кеш. Дегенмен 29 мамыр күні бір болып сайлауға келіп, бюллетеньдегі барлық үміткерлерге қарсымен деп дауыс берсеңіздер ауыл әкімін сайлау қайта өткізілетін болады» деді.
Керделіде тұрғын үй соғуға берілетін жер тапшы
Аудан әкімінің бейсенбідегі сапары ақын Нартай Бекежанов ауылында тәмәм болды. Негізінен ауыл тұрғындарының көңілі тоқ. Себебі ауылда көгілдір отын, аяқ су мен ауыз су, сондай-ақ жол жайы, көшені жарықтандыру, амбулатория секілді мәселелер шешімін тапқан. Дегенмен бұл ауылда мәселе жоқ дегенді білдірмейді. Ауыл ақсақалдарының ендігі сұрайтыны амбулатория мен балабақша ғима раттары көгілдір отынға қосылса дейді. Сонымен бірге балабақша ғимаратының қоршауы ауыстырылып, ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе деп отыр. Мұнымен бірге ауылдың кентке жақын орналасуына байланысты ауылда тұрғын үйге берілетін жер тапшылығы сезілуде. Әрі трансформаторлардың тозығы жетіп, жарық жиі сөнетін болған. Аяқ судың мөлшері төмен болуынан тұрғындар еккен егініміз сусыз қалатын болды деп отыр.

Рамазан ӘНӘПИЯ