ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ КЕРЕК
Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Мархаббат Жайымбетұлы Шиелі ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, жауапты облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімі Нариман Мақұлбековпен бірге бірқатар нысандарды аралады.
Мархабат Жайымбетұлы бірінші кезекте Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысының басына барды. Онда бірқатар істердің дұрыс-бұрыстығын бағамдап, әлеуметтік нысанның жағдайымен танысты. Алдымен үш қабатты тұрғын үй құрылысына табан тіреген Мархабат Жайымбетұлы нысанның іші-сыртын толық аралап көріп, құрылыс жұмыстарының талапқа сай еместігін айтты. Себебі, 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің бірінші қабатында балконның орналасуы құрылыс жұмыстарының талапқа сай еместігін, сондай-ақ үш қабатты пәтерлерде мүгедектерге арналған баспалдақтың жоқтығын алға тартты. Сонымен қатар, осындай нысандар жергілікті тұрғындарға қолайлы болуын тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары мердігер мекемеге осы мәселені пысықтап, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды, тиісті сала басшыларына қатаң қадағалауды тапсырды.
Мархабат Жайымбетұлы бірінші кезекте Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысының басына барды. Онда бірқатар істердің дұрыс-бұрыстығын бағамдап, әлеуметтік нысанның жағдайымен танысты. Алдымен үш қабатты тұрғын үй құрылысына табан тіреген Мархабат Жайымбетұлы нысанның іші-сыртын толық аралап көріп, құрылыс жұмыстарының талапқа сай еместігін айтты. Себебі, 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің бірінші қабатында балконның орналасуы құрылыс жұмыстарының талапқа сай еместігін, сондай-ақ үш қабатты пәтерлерде мүгедектерге арналған баспалдақтың жоқтығын алға тартты. Сонымен қатар, осындай нысандар жергілікті тұрғындарға қолайлы болуын тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары мердігер мекемеге осы мәселені пысықтап, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды, тиісті сала басшыларына қатаң қадағалауды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары бастаған бірқатар қызметкерлер одан әрі 2019 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің цемент зауытының өндіріс барысын көзбен көрді. Айта кету керек, цемент зауытында 266 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 222 жұмысшы жергілікті тұрғындар құрап отыр. Бүгінде зауыт аймақтың құрылыс индустриясының дамуына елеулі үлес қосуда. Өндірген өнімдерін еліміздің ішкі сұраныстарына және бір бөлігін алыс-жақын көрші мемлекеттерге экспортқа шығаруда.
Одан әрі аудан басшысы Нариман Әскербекұлы мен облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы бастаған топ аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына қарқынды серпін беріп келе жатқан «СКК-Шиелі» филиалының қайта тиеу, түсіру базасының жұмысымен танысты. Бүгінде «СКК-Шиелі» филиалында жыл сайын заманауи құралдар және құрылғылармен, автотракторлы тракторлармен жаңартылып отыратын қуатты өндірістік база жұмыс істейді. Қазіргі таңда 467 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар, «РУ-6» кен басқармасының «Қарамұрын» цехының жұмысын да назардан тыс қалдырмады. Кездесуде жұмысшылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, аталған мәселелерді облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта оң шешімін табатынына сенім білдірді. Мұнда да 400-ден астам адам 2 қолға 1 күрек тауып, нәпәқасын айыруда.
Облыстан келген делегация одан әрі Сырдария өзенінің үстінен автокөліктер өтетін көпір құрлысын салу мәселесі мен Қарғалы-Ботабай елді мекендерін жалғастыру үшін жол құрылысын жүргізу жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда Қарғалы ауылдық округіне қарай өтетін қалқымалы көпір облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде.
Облыс әкімінің орынбасары Мархаббат Жайымбетұлы көпірдің құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме қызметкерлеріне бөлінген қаражаттың тиісінше жұмсалып, құрылыс жұмыстарының белгіленген уақытта аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ аталған көпірдің алдағы жай күйінің талапқа сай жасалауын назарға алып, жеке қадағалайтынын жеткізді. Қалқымалы көпірге 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сырдария өзенінен автомобиль көпірін салу үшін техника экономикалық негіздемесіне қаржы қаралып, мемлекетік сатып алу конкурсы жарияланған болатын. Ал аталған конкурсты «Инженерный центр «АСТАНА» ЖШС жеңіп алды.
Одан әрі жұмыс сапары «Семізбай-U» ЖШС-і «Иіркөл» кенішінде жалғасын тапты. Семізбай Кен орнындағы кеніштің қазіргі жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары сала басшыларының жұмыстарын толықтай бақылап, кеніштегі шешілмей тұрған бірқатар мәселелерді тыңдап, оны өз назарына алатындығын жеткізді. «СЕМІЗБАЙ-U» ЖШС құрудың негізгі мақсаты Ақмола облысының Еңбекші ауданында орналасқан «Семізбай» уран кен орындарын игеру-өңдеу жобаларын жүзеге асыру болып табылады. Аталған кеніштің құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылы алғаш рет өнімі алынды. Бүгінде Шиелі ауданында орналасқан «Иіркөл» кеніші ауданның дамуына ерекше серпін беруде.
Келесі бағыт Бидайкөл елді мекені мен Ә.Тәжібаев ауылының маңында орналасқан көпірдің құрылыс жұмыстары. Бірнеше жылдардан бері аудан тұрғындарын әбігерге салған көпір құрылысына қатаң бақылау керектігін тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары мердігерден сапалы жұмыс талап етті. Көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысып болған соң Мархаббат Жайымбетұлы Шиелі кенті, Береке мөлтек ауданындағы 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үйдің сапасына зер салды. Аталған 25 тұрғын үй «Шаңырақ» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы шаршы метрі 140 мың теңгеден сатылымға шығарылып, бағдарлама талабына сай келген 4 азамат үйлі болды. 1 дана үйдің жалпы құны – 9 млн 086 мың теңгені құрайды. Бүгінгі күнге үйдің құны – 7 млн 788 мың теңгені көрсетіп тұр. Жалпы алаңы: 64,9 шаршы метр оның ішінде тұрғын алаңы – 43,6 шаршы метр. 3 бөлмелі тұрғын үй күйдірілген кірпіштен соғылған. Үйде қонақ бөлмесі, жатын және балалар бөлмесі, асхана қарастырылған. Сонымен қатар, үйдің ішінде жуынатын бөлме, дәретхана, газ плита, газбен және көмірмен жұмыс істейтін комбинирленген жылу жүйесі бар. Пәтердің алғашқы жарнасы үйдің құнының 20 процентін құрайды.
Шиеліге табаны тиген жан Ы.Жақаевқа сәлем бермей кетпейді. Бабалар жолынан жаңылмаған Мархаббат Жайымбетұлы Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың кесенесіне арнайы барып, даңғайыр диқанның рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар, музейге барып, дала академигінің өзі қолданған құрал-жабдықтарымен танысты.
Жұмыс сапарының соңында М.Жайымбетов көтерілген мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта тиісті сала басшыларымен және Шиелі ауданының әкімдігімен бірлесе отырып қордаланған шаруалардың шешімін табатынын тілге тиек етті.
– Алдымыздағы тұрған міндет – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру. Бұл ретте оны орындауға ауданда барлық мүмкіндік бар. Біз елдің экономикалық қуатын арттыру мен әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Мен аудандағы бірқатар нысандарды аралаудың нәтижесінде өңірдің күн сайын өркендеп келе жатқандығына көз жеткіздім. Нысандардағы шешімін таппай тұрған мәселелер де жоқ емес. Сондықтан мұның барлығына аудан басшылығы, мердігер мекемелер, сала мамандары, мекемеме қызметкерлері аса жауаптылықпен қарауы қажет. Және де барлықтарыңызға берілген тапсырманың тез арада орындалуын қатаң тапсырамын. Ал біз ауданның гүлденуі үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз, – деді Мархаббат Жайымбетұлы.
Сымбат СҰЛТАН