ОБЛЫС АКТИВІ: АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Аймақ басшысы алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасының маңызды екенін айтып, ерекшеліктеріне тоқталды. Облыс экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін саяси құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыстардың қажет екенін алға тартты.



Тағы бір міндет – БАҚ әлеуетін көтеру. Өңір басшысы осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Қайрат Нұртайға журналистер арқылы өңір тарапынан салалық министрлікке БАҚ туралы Заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс жолдауды тапсырды. Сондай-ақ, облыстағы азаматтық қоғамды дамыту үшін жүйелі және кешенді жұмыс жоспарын әзірлеп, мемлекеттік этносаясатты жетілдіру мақсатында қоғамдық құрлымдардың қызметін өзектендіруді жүктеді.

Ал, облыстық мәслихат депутаты, «Сыр медиа» ЖШС Бас директоры Аманжол Оңғарбаев БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда журналист мәртебесін көтеру, медиаөнімдердің сапалық құрамына талдау жасау жұмыстарын жетілдіру бағытында ұсынысын ортаға салды.
Сондай-ақ, «Dalatex» ЖШС директоры, меценат Дінмұхамед Абизов мемлекет пен бизнес, мемлекет пен халық арасында конструктивті диалог орнатудың оңтайлы әдістеріне көңіл бөлудің қажеттілігін қаперге салды. Ал, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Светлана Крюгер өңір дамуына тың серпін беретін бастамаларды бірлікпен атқаруға әрбір азаматтың белсенділігі керек екендігін тілге тиек етті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартай жастар үшін нақты іске негізделген жобаларды елмен етене араласуға сеп болатын алаңдарда талқылаудың маңызы зор екенін жеткізді.1
Актив отырысының соңында Гүлшара Әбдіқалықова Жолдауда жүктеген міндеттерді сарапшылық ортада талқылап, сындарлы диалог орнатуға шақырды. Сондай-ақ, Президент тапсырмаларын сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі Жаңа Қазақстанның жаңғыруға жол ашатынын еске салды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі