Табиғатқа теңдік, санға сапа керек
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі соңғы Жолдауында Үкіметке 5 жылда мемлекеттік орман қорында – 2 миллиард, ал елді мекендерде 15 миллион ағаш егуді жүктеді. Бұл елімізді көгалдандыру және ормандандыру ауқымын күрт кеңейтуге септігін тигізуі тиіс. Яғни, республиканы кең ауқымда жасыл желекке бөлеу бойынша тарихи науқан қолға алынды. Алайда, жылдағы егілген көп көшеттің көгергенін санасақ, бұл межеден шыға қою екі талай.
Мәселен, Шиелі ауданында 2020 жылдың көктеміндегі «Ағаш отырғызу күні» акциясы аясында 1000 түп көшет отырғызылған. Ал жаз айларында А.Яссауи, И.Әбдікәрімов көшелерінің бойына 2500 түп ағаш еккен. Бұл үрдіс былтырғы жылы да жалғасын тауып, 2500 түп көшеттің көктейтініне сенім арттық. Алайда, сандар сайрағанымен, нәтижесі саусақпен санарлық.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң «QazEcoTech Ltd» ЖШС бас директоры Ұлықбек Сұлтанның дерегінше, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізген. «Олар әрбір өңір бөлінісінде ағаш отырғызу көлемдерін анықтап та қойды. Нақтылай кетсек, әкімдіктердің табиғат қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен бастапқы кезеңде жалпы ауданы 464 мың гектарды құрайтын территорияда 1,1 миллиард түп ағаш егу жүзеге асырылады. Жаңа орманның ең көп көлемі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жерінде отырғызылмақ. Бұл ретте ағаштардың үлкен бөлігін сексеуіл құрайтын болады. Ол негізінен Арал теңізінің құрғап қалған түбінде егіледі. Қазақстанның орталық өңірлерінің басым көпшілігінде қарағай, шырша, аққайың секілді орман түзуші ағаш түрлері егіледі», – деген болатын Ұ.Сұлтан.
Иә, жаңа орманның ең көп көлемі Қызылорда облысында отырғызылады деді. Бұл бағыт бойынша облыста алдағы 5 жыл ішінде 60 миллион ағаш отырғызу жоспарда бар. Межені орындау үшін жыл сайын өңірде 2,5 млн көшет отырғызу ісі қолға алынған. Өткен жылы Шиелінің өзінде 2500 көшет отырғызылғанын айтып өттік. Оның ішінде қарағаш, сән ағашы, терек, үйіңкі, шаған, қарағай және қызылтау сияқты жасыл екпелерге басымдық берілді. Сондай-ақ, Шиелінің шырайын арттыратын шыршалар да егілді. Алайда, ақ шатырмен қоршалған сол шыршалар шымылдықтан шықпады. Шиеліге жерсінбеді.
Істің басы – ниет
«Адамзаттың ақыл-ойы табиғат заңымен үйлеспесе, онда ол бақытсыздыққа ұшырайды», деген екен Анахарсис. Жер бетінде жасыл желектің азайып, атмосферада көмір қышқыл газының ондаған есе артуынан жаһанда ауа райы өзгерді. Өзен-көлдер суалып, құрғақшылық жайлады. Көмір қышқыл газы мұхиттардағы су құрамын өзгертіп, ондағы тіршілік иелеріне үлкен қауіп төндіруде. Бұл үдеріс осылай жалғаса берсе, ертеңгі күніміз не болады?

«Орман – жердің өкпесі», «Жасыл желек – жер көркі». Ағаш – құнды құрылыс материалы, отын, жанға дауа, жерге сая. Адам орта есеппен күнделікті 2-3 келі тағам, 4-5 литр су тұтынады. Ал бір тәулікте 20 келі оттегімен тыныстайды. Демек, оттегісіз бір сәт те өмір сүре алмайды. Адамзат ес жиып, етек жапқан кезде жер бетін тұтас орман көмкеріп, 8 млрд гектардан астам жасыл желек жайқалып тұрған екен. Алайда, статистика оның 3 млрд гектардан астамы отқа оранғанын алға тартады. Қазір де от-ойран орман-тоғайды әлі де аяусыз жалмап келеді. Мұнымен айтпағымыз не?
Көшет еккенде артында осыншама үлкен жауапкершілік барын сезіну. Ауданды оттегімен қамтамасыз етіп, 80 мың халыққа таза ауа сыйлаймын деп ұғыну керек. Олай болмаған жағдайда, жылда егілген көшеттердей қурап қала бермек. Өйткені, күтімсіз көшет көгермейді. Қазақта «аузы күйген кесені үрлеп ішеді» деген тәмсіл бар. Ендеше, соңғы 4 жылда егілген 37 мың түп көшеттің көктемеуінде кеткен қателікті биыл қайталамау керек шығар.
«Істің басы – ниет». Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ