ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕП – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілер қалың жұрттың жарнама қызметіне де жарап тұр.
Алайда әлемжелінің пайдасы мен қатар тигізіп жатқан кесір, кесапаты да жоқ емес. Ақпарат тасқынын ауыздықтау мүмкін болмай тұрған тұста жазу еркіндігі қолына тиген әркім әлеуметтік желіде өз ойын іркілмей айтып, кейде қызбалықпен шектен шығып жататыны бар. Айтылған әрбір сөздің сұрауы болатыны естен шыққанда, әдеп пен иба, құрмет пен сыйластық ескерусіз қалып, салдарынан біреуге жала жабылып, енді біреудің ар-намысы қорланып жатады. Осынау қилы заманда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әділет» фирмасының заңгері Ғалымжан Жамалханұлынан әлемуметтік желінің әдебі жайлы сұқбат алуды ұйғардық.

– Ғалымжан Жамалханұлы, соңғы жылдары әлеуметтік желі мен смартфон әрбір отбасының төріне еніп, бірінің сырласы, енді бірінің тәрбиеші ұстазына айналды. Әрі ерекше батылдық сыйлайтын қасиетінің арқасында әлеуметтік желі батырлары да пайда болып, жалған парақшамен ойына келгенді қымсынбастан жазуға үйреніп алды. Жалпы біздің Ата Заңда әлеуметтік желінің әдебі жөнінде қарастырылған жауапкершілік бар ма? Бар болса қандай жаза қарастырылған?
– Ата бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр бойынша әр елді, ауылдың би-болыстары басқарған, қазақтарда ең бірінші заңдық құқығы бар қағидалар «Жеті жарғы» екені баршамызға мәлім.
– Ата бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр бойынша әр елді, ауылдың би-болыстары басқарған, қазақтарда ең бірінші заңдық құқығы бар қағидалар «Жеті жарғы» екені баршамызға мәлім.
Сол уақыттан бері, ел ішіндегі тәртіптер бектіліп, соған сәйкес ауыл ішіндегі даулар шешіліп отырған. Әрине бұл жерде шариғат заңдары басымырақ болғаны белгілі.
Біздің уақытымызда барлық заңдар Ата заңымыз Конституциядан туындайды, нақты тапқырыпқа келсек, қазіргі уақыттағы азаматтардың жүріп тұрулары, коғамдық орындарда өзін ұстауы, дөрекілік пен бұзақылықтарға жол берулері «Өзекті мәселе» болып отырғаны ащы болса да шындық. Әр отбасы кішкене мемлекет деп ескерсек, оның өз қағидалары бар екені рас, яғни «жаман сөз айтпа, біреуді балағаттама», «біреудің ала жібін аттама» деп әр қазаққа әке-шешесі, ата-әжелері тәрбие беріп келегені ақиқат. Нақты әлеуметтік желінің әдебі жайлы жауапкершілік қаралмаған, ал осының салдарынан зардап шеккен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдануға құқығы бар.
Нақтырақ айтсақ: Ұсақ бұзақылық – қылмыстық бұзақылыққа жетеқабыл әкімшілік құқық бұзушылық. Қоғамдықорындарда боқтап балағаттау, азаматтың ар-намысына, шамына тию, ұрыну, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, егер өздерінің сипаты жөнінен қылмыстық жауапқа тартуды талап етпесе, ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады.Яғни, ол азамат ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінін (ары қарай- Кодекс) 434-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл бапқа сәйкес заң бұзушы азаматтарға қарсы бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу, не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу, әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттерге – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанған жағдайда он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, жала жабу үшін де Кодекстің 73-3 бабы бойынша жауапкершіліктер көзделген. Яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу секілді жаза түрлері қарастырылған. Ал жала жабу әрекеттері көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жағдайда жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер – жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынады. Лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
– Енді бұл тақырыптан сәл ауытқып, телефон операторларына қатысты әңгіме өрбітсек. Соңғы кездері желідегі жазба былай тұрсын смартфонын қолына алып мемлекеттік мекемелерге ескертусіз баса көктеп кіретін, қызметкерлердің жұмысына кедергі жасайтын басбұзарлар пайда болды. Тіпті кейде дәлел-дәйекесіз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің ар-намасын аяққа таптағанымен қоймай, тексерілмеген бейнежазбаны желіге жүктеп, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіріп жатады. Осындай жағдайға тап болған мемлекеттік қызметкердің іс-әрекеті қандай болуы керек?
– Әрине әркімнің жеке пікірге, ұстанымға құқығы бар. Бірақ ол жеке пікірін кез келген жерде айта салуға тиіс делінбеген. Өз ұсынысын, пікірін айтуға бекітілген орындар бар, оның өз тәртіптері бар. Біздегі мәселе әлеуметтік желідегі өз пікірлері, оның ішінде дөрекі, анайы сөйлеп, кейбірін балағаттап жазып жататындар аз емес. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде ұялы телефондарына түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялау – қазағымызға жат дүние!

Ал заңға сүйенсек, сол ұялы телефонға түсіру арқылы азаматтың құқықтарына нұқсан келтіретін болса, ол үшін жауапкершілік көзделген. Сондықтан да заңға сүйеніп арыз жазуы тиіс. Себебі Заңда азаматтың ар-намысы және қадір қасиетіне, ұйымдардың іскерлік беделін қорғау көзделген. ҚР Азаматтық кодекстің 143-бабында егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратқан адам олар шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдей алмаса өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды сот жүзінде шындыққа сай келмейді деп тануды талап етуге құқылы екендігі туралы айтылған. Демек, аталған бап та баяндалғандай кез келген тұлға өзінің ар-намысына, қадір–қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратқан адамды сотқа беру құқығы бар.
– Кейбір азаматтар ҚР Конституциясының «1-бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген бапты алға тартып, түрлі бассыздықтарға барып жатады. Алайда, өздері қарсы пікір білдіріп, қорлап жатқан азаматтардың ар-намасы тапталып жатқанын ойламайды. Былтырғы жылы осы мәселе бірнеше мәрте көтеріліп, әлеуметтік желіге қатысты заң қабылдау күн тәртібіне қойылған болатын. Егер осы заң қабылданған жағдайда сіз қандай нақты тармақтар көрсетілу керек деп ойлайсыз?
– Жалпы әдеп отбасынан басталады. Күнделікті тұрмыста қолданатын әдеп пен әлеуметтік желі әдебін бөліп қарауға болмайды. Менің түсінуімше, әлеуметтік желі – қоғамның ішіндегі қоғам. Мұнда адамдар бірі-бірін көрмесе де, алыстан ой бөлісіп жатады. Егер құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті бұзып жатса, бұл қоғамда да (әлеуметтік желі) құқық бұзушы жауаптылыққа тартылуы тиіс. Мұндай заң қабылдаған жағдайда, бірінші кезекте ешкімнің құқығын бұзбауы керек. Тармақтарына келсек, әр адам өз пікірін, ұсынысын дәйекті дәлелдермен, қысқа нұсқа білдіруі тиіс. Мүлдем қатігездікке, қылмысқа итермелейтін, зорлық-зомбылық туралы, басқа да жалаңаш бейнелерді көрсететін фильм, бейнероликтердің жариялауына тыйым салу тиіс.

– Заңгер ретінде желі қолданушыларына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
– Адамгершілік, парасаттылық, әдептілік қағидалары өкінішке қарай әлеуметтік желі қолданушылар арасында сақталмайтыны рас. Ойына не келеді, оны ақыл таразысына салмай, жариялай салады. Қазіргі таңда өз құқығымды жақсы білемін деп кеуде соғатындар аз емес. Оларға өз құқығын жақсы білетін азамат өз міндеттерін жақсы білуі тиіс. Себебі екеуі қатар жүреді, ал міндеттемелерін орындамағандар міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын түсіндіргім келеді. Сұхбатты қорытындылай келе, баршаңызды Бауыржан Момышұлы атамыздың «тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген өсиетін өнеге тұтып, әлеуметтік желі әдебін сақтауға шақырамын.

– Бізге сұқбат беруге келіскеніңізге алғыс білдіреміз.
Сұқбаттасқан
Рамазан Әнәпия
Рамазан Әнәпия