Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желілер жайлы 20 факт

Әлеуметтік желілер жайлы 20 факт

ÓлеÑмеÑÑÑк желÑÐ»ÐµÑ Ð¶Ð°Ð¹Ð»Ñ 20 ÑакÑӘлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие болды және сол өмірде ұзағынан қалуды ұйғарған секілді. Адамдар арасында бөгетті бұзған әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде. Дегенмен, әлеуметтік желілер феноменінің басқа жағы да бар. "Жақсы" мен "жаманды" айырғанымыз емес, бар болғаны фактілерді ұсынбақпыз. Әлеуметтік желілер туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орны. 1. Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион сілтеме таралады. 2. Әр сағат сайын facebook-те 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараға шақыру алады. 3. Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады. 4. Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді. 5. Әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі. 6. Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады. 7. Адам саны жағынан Facebook Қытай, Үндістан елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші мемлекет. 8. Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді. 9. Әлеуметтік желілердегі үлкен қарқынмен өсіп келе жатқан қолданушылар сегменті – 55-65 жастағы әйелдер. 10. Эштон Катчер мен Бритни Спирстің фолловерлер саны Ирландия, Норвегия немесе Панама елдерінің халқымен тең. Қауіпті әлеуметтік желілер: 11. Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады. 12. Әлеуметтік желілер интернетте уақыт өткізудің тәсілі саналатын порнографиялық сайттарды басып озды. 13. Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші жұптың айрылысуының басты себепшісі. Әлеуметтік желілер және жанұя: 14. АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің арқасы. 15. Ата-аналардың 69 пайызы әлеуметтік желіде өз балаларымен дос. Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар. 16. 80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді. Әлеуметтік желілер және бизнес: 17. Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе әлеуметтік желілер арқылы келетін болғандықтан әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған. 18. Танымал әлеуметтік желілердің көбісі қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны анықталды. 19. Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал телеөндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті. 20. Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді. Дайындаған: Ерғали Елдос

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930