БАҚ-тың рөлі басым
Кеше облыстық ішкі саясат басқармасы БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Нұрхат Бердібек пен «Қазтелерадио» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ұлықбек Құтышев Шиеліге арнайы іссапармен келді.
Алдымен мемлекеттік ақпарат саясатын ілгерілету бағыттары бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен кездесті. Басқосуда бөлім басшысы Н.Бердібек мемлекеттік ақпараттық саясатты, сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуге, ақпараттандыру дәуіріндегі жаңа ғасырдың өзекті тақырыптары туралы атап өтті. Интернетті қолданудың мәдениетін қалыптастыру туралы кеңінен баяндады. Одан соң ауданның ата басылымына атбасын бұрған олар газеттің тыныс-тіршілігімен танысып, журналистермен жүздесті.

– Қай кезде болмасын қоғамда журналистердің рөлі ерекше. Әсіресе елдегі карантин кезінде, төтенше жағдай орын алған тұстарда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы арта түсті. Халыққа шынайы, нақты ақпарат таратушы сіздерсіздер. Біз журналистерді қашанда қолдауға дайынбыз, – деді Н.Бердібек.
Журналистер ұдайы қат-қабат оқиғалардың бел ортасында жүретіндіктен, көп нәрсені өз көздерімен көреді, бірақ көңілге түйгендерінің көбісін газет беттерінен тыс сақтап, экранның арғы жағында қалдырады. Себебі ақпарат тарату мен репортаж берудің өз заңдылығы бар. Объективті болудың талабы журналистің жеке эмоциясы мен өзіндік көзқарасын шымқап ұстауға мәжбүр етеді. Осындайда «жерден жеті қоян тапқандай» оқиға үстіндегі бір сәттік эмоциясымен халыққа дәйексіз тарататын кейбір блогерлер журналистерден асып түстік деп мұрын шүйіретіні бар кейде. Интернет қанша дамып, ақпарат алу қолжетімді болғанымен, бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы артпаса, кемімейді. Мәселен «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде халық тек теледидар мен газет бетінен ғана шынайы, нақты ақпаратты ала алды. «Журналистің жегіні жантақ, арқалағаны алтын» деп осындайда айтса керек.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ