Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысқа шақырамыз

Жұмысқа шақырамыз

Құрметті аудан тұрғындары!
Жұмыссыз жүрген азаматтарды ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға шақырамыз!
Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қазіргі таңда жұмыс іздеуші азаматтарға Шиелі ауданы бойынша төмендегі көрсетілген мекемелерден бос жұмыс орындарының тізімін ұсынамыз;
1.«Қызылорда облыстық Радио Телехабар тарату дирекциясы«Казтелерадио» акционерлік қоғамының филиалы – «Электр байланысы құрылғылары мен аппаратурасына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер» - бір орын; Қойылатын талаптары: Электр жабдықтарын монтаждау құрастыру және реттеу (3 дәреже); Құрал жабдықтарды жөндеу; Радиотелевизиялық жабдықтың құрылғылары мен тәртіптерін реттеу; Жалақысы 80 0000- 100 000 теңге аралығында. Мекен-жайы: Шиелі ауданы Н. Бекежанов ауылы
2.«Honeymood-Балдай» жеке кәсіпкері – «Директордың көмекшісі» - бір орын; Қойылатын талаптары: Директордың ассистенті қызметін атқарады, Жұмысшылардан отчетын алып, директорға есеп береді, 24-28 жас аралығындағы тұрмыс құрмаған/ үйленбеген жұмысына тиянақты қыз немесе ер жігіт болуы тиіс. Жалақысы - 100 000 теңге.«Кондитер-пекар» - бір орын; «Кондитер-сборщик» - бір орын; «Сатушы» - бір орын. Қойылатын талаптары: Торттың корждарын пісіру барысындағы алдағы объемға қарай артық- кем жоспарлай білу, алдағы уақыттағы жоспарлы уақытпен ұтымды жұмыс жасау. Ең бастысы жұмыс жасауға деген ынтасы болса жұмыс орны оқытып, үйретеді.Жалақысы: 130 000 теңге Мекен-жайы: Шиелі кенті И. Алдабергенұлы көшесі №3
3.«ТТК-Шиелі» ЖШС – «Автокөлік жүргізушісі» - бес орын;
Қойылатын талаптары: Әр түрлі машиналарды қауіпсіз басқару; Автомобиль бөлшектерін жөндеу және ауыстыру; Жол қозғалысы ережелерін білу; Жалақысы: (75 000 теңгеден бастап қосымша үстемеақыларды қоспағанда).
Мекен-жайы: Шиелі кенті Ш. Есенов көшесі №2
4.«Волковгеология» АҚ «Оңтүстік ВГ» филиалы – «Тракторист» - бір орын; «Бұрғылау қондырғысы машинасының көмекшісі» - сегіз орын;
Қойылатын талаптары: жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Жалақысы (76 705 теңгеден бастап қосымша үстемеақыларды қоспағанда).
Жұмыс ауқымы вахталық әдіспен- 15/15. Мекен-жайы: Шиелі кенті Көкшоқы мөлтек ауданы Ы. Нәлібаев №101.
5.«№84 негізгі мектебі» КММ-сі – «Биология пәні мұғалімі» - бір орын.
«Химия пәні мұғалімі»- бір орын, «Ән-әуез пәні мұғалімі» - бір орын. «Физика пәні мұғалімі»- бір орын, Қойылатын талаптары: Жоғары білімді болуы тиіс. Еңбек өтілі талап етілмейді. Жалақысы сағат санына байланысты төленеді. Мекен-жайы: Еңбекші ауылдық округі Қосүйеңкі елді мекені Қаратау көшесі №15.
2. «Шиелі аудандық пошта байланыс торабы» бойынша:
1. «Шиелі-4» пошта байланысы бөлімшесінің бастығы
2. «Бәйгеқұм» ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы
3. «Н.Бекежанов» ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы
3. «Ы. Жақаев» ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы
Қойылатын талаптары: қаржы саласында арнаулы орта немесе жоғары білімді болуы керек. Банк саласындағы еңбек өтілі болуы тиіс.Жалақысы келісіммен. Мекен-жайы: Шиелі кенті Т.Рысқұлов №4
3.«Сұлутөбе ауылдық мәдениет үйі» – «Хореограф»- бір орын. Қойылатын талаптары: Ұйымдастырушылық дағдылар; балалардың шығармашылық дамуы үшін сабақ өткізу; Жарқын сахналық бейнелерді жасай білу; Музыкадағы әр түрлі стильдер мен бағыттарды меңгеру.Би ұжымындағы шығармашылық процестің әдіснамасын білу. Жалақысы: 120 000- 150 000 теңге аралығында.Мекен-жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы, Достық №5
4.«Лесхоз бастауыш мектебі» – «Техник-бағдарламашы» - бір орын. Қойылатын талаптары: Жұмыс өтілі қажет емес, к омпьютерлер мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану; Жалақысы: 65000теңге. Мекен-жайы: Алмалы ауылдық округі, Лесхоз елді мекені. Б. Майлин №13
8.«Шиелі электр тарату тораптары» ЖШС – «Электромонтер» (электр жабдықтарының маманы) – үш орын, техник - электрик – екі орын қажет. (жалақы мөлшері 65 000 теңге). Жұмыс тәжірибесі маңызды емес.
«Автокөлік жүргізушісі» - екі орын. Автокөлік жүргізу куәлігі В,С,Д категориясы болуы қажет.
Сонымен қатар, Шиелі ауданы бойынша наубайханалар
9.«Наубайшы» - жеті орын.
«Көлік жүргізушісі» - бір, «Жүк тасушы» -бір бос жұмыс орындары ұсынылады. Ұсынылған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 80 000 - 120 000 теңге аралығында!
Толық ақпарат алу үшін Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет немесе 8724-32-4-32-36 байланыс телефоны арқылы білуге болады!
25 қаңтар 2022 ж. 765 0