Аудандағы 4 блокбекет өз жұмысын аяқтады

Елдегі орын алған төтенше жағдайға байланысты орнатылған бұл блокбекеттерде құқық қорғау органдары қызметкерлері 10 күннен астам уақыт бойы, күн-түн демей қалтқысыз қызмет атқарды. Олардың жанкешті іс-қимылдарының арқасында ауданда тәртіп пен тыныштық сақталып, тұрғындардың ұйқысы тыныш болды. Сондықтан, барлық құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіріп, жұмыстарына тек сәттілік тілейміз. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!



Фотосуретте: түнгі уақытта блокбекеттерде кезекшілік атқарған Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері
"Өскен өңір" ақпарат