Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтыс аламанынан жүлдемен оралды

Айтыс аламанынан жүлдемен оралды

Айтыс – ұлттық өнер ғана емес, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің маңызды түрі, сондай-ақ, сарқылмас қазына екені даусыз. Әсіресе, рухани санамыздың кемелденуіне сүбелі үлес қосатын сөз барымтасы. Сондықтан дәстүрдің ұлықталуы мен насихатталуы оқушылар арасында кеңінен белең алуы орынды. Сонымен қоса, сөз киесін түсінген жастардың көбеюі көңіл қуантады.
2021 жылы 29-31 қазан аралығында Ақтөбе қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІІ республикалық өнер байқауы 6 номинация бойынша өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен байқауда жерлесіміз жүлдемен оралды. Атап айтар болсақ, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының тумасы, №206 мектептің 10 сынып оқушысы Д.Ержігіт қатысып, ІІІ орынды қанжығасына байлады. Бүгінде Дильназ Е.Әмірдің жетекшілігімен «Нартай – өнер мектебіндегі» М.Тұрсанов үйірмесінде білім алады.

Ақбота Баянбай
05 қараша 2021 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031