Шиелі – Озат аудан
Кеше жаз бойы тыным таппаған диқан еңбегінің нәтижесі айқындалған күн болды. Егіннің жайын сұрап, елеңдеген елге биыл да Сыр диқандары биік межеден көрінгенін сүйіншілейміз.
Ырыс пен берекеге толы күз келгелі ел етек-жеңін жинап, дала жұмыстары демін басып, табысты таразылауға көшті. Сыр өңірінің аграрлы саладағы серпінді жұмысы биыл да қарқынды. Мұны дала еңбеккерлерінің жұмысын таразылап, абыройын асырған «Алтын дән-2021» мерекесінде білдік. Күні кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ең сенімді валюта – азық-түлік» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы артып келеді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында облыс диқандары биылғы жылғы вегетация кезінде су тапшылығын және басқа да қиындықтың бәрін еңсере отырып, аянбай еткен еңбектерінің арқасында 500 мың тоннаға жуық Сыр күріші ел қамбасына құйылды. Биылғы жылдың маусым-шілде айларындағы ауа райының ыстығына, суармалы судың тапшылығына қарамастан маңдай терін төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен диқандарымызға қандай мадақ айтсақ та жарасады. Өздеріңізге барша Сыр жұртшылығы – жерлестеріңіздің атынан алғысымды білдіремін!», – деді. Мерекелік шарада қамбаны қызылға толтырған еңбеккерлер арасынан Шиелі ауданы «Озат аудан» атанып, мерейі үстем болды. Күрішін ырысым деп білетін шиеліліктер үшін бұл марапаттың жөні бір бөлек!

«Өскен өңір» ақпарат