«Жер алып беремін» дегенге сеніп қалмаңыз
Қазіргі таңда елімізде алаяқтық азаймай тұр. Ақпараттық технологиялар дамыған сайын әлеуметтік желіде оның түрлері де күн өткен сайын көбейіп барады. Яғни, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндер жайлы айтпақпыз. Әсіресе, қазіргі таңда «жер алып беремін» деген уәжде алаяқтық қылмыстары көбейген. Осыған орай, аудандық прокуратураның бастамасымен Шиелі ауданы прокурорының орынбасары А.Мұқалым, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Меңлібеков пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова алаяқтық қылмыстарының тәсілдері мен олардың арбауына түспеу жолдары және алдын алу шаралары, насихат жұмыстары туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
— Прокуратураның бастамасымен аудандық әкімдікпен және полиция бөлімімен қылмыстың алдын алу және криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында аудан тұрғындары арасында өткізілетін профилактикалық құқықтық насихат жұмыстарының іс-шаралары бекітілді. Мысалы, бұл іс шаралардың бірі – барлық ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындарға алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру, оларға жадынамалар тарату. Мысалы, Шиелі кентінің тұрғыны 18 азаматты жер алып беремін деп алдағаны үшін полициямен қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды, – дейді аудан прокурорының орынбасары.

Брифинг барысында сала басшысы Ерлан Талғатбекұлы жер телімдерін тұрғын үй салу үшін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша заң аясында қалай жүзеге асатыны, қандай құжаттар әзірлеу керек екені туралы журналистерге егжей-тегжейлі баяндады.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Ол – жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелі сақтау және жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерге орналастыру тәртібімен орындалатынын айтып өтті.
Қазіргі таңда барлық жүйе цифрландыру арқылы жүргізіледі.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге ұрлық, алаяқтық қылмыстарының тәсілдері мен олардың арбауына түспеу жолдары және алдын - алу шаралары кеңінен насихатталып жатқаны туралы аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Баймұратова тілге тиек етті. Бөлім басшысының айтуынша, кент орталығындағы Яссауи көшесіне «Алаяқтыққа жол жоқ» тақырыбында бильборд ілінген. Алаяқтық қылмыстарының оның ішінде интернет арқылы жасалатын тәсілдері мен арбауына түспеудің алдын алу шаралары туралы жадынамалар орталық базар, автовокзал, банк, кредиттік ұйымдар, үлкен сауда орындары мен көшелерге ілінгенін түсіндіріп өтті.
Сымбат СҰЛТАН