Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірі «жасыл» аймақта

Сыр өңірі «жасыл» аймақта

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» өтті. Індеттің таралуы азайып, бірқатар провизорлық стационарлар жабылды. Кешегі мәлімет бойынша, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары да «жасыл» аймақта тұр.
Қызылорда облысы араға 70 күн салып, «жасыл аймақтың» санатына қайта қосылды. Карантиндік шектеулер бойынша әлі жергілікті бас санитардың қаулысы жарияланған жоқ. Осы эпидтұрақтылық 7 күн сақталса, оң өзгерістер болары анық. Дегенмен, әлі де босаңсуға болмайды, өткен тәулікте 26 адам ковид жұқтырған. Бір қуантарлығы, қауіпті індеттен бір күнде 133 науқас айығып шықты. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 350-ге жуық науқас ем-дом алуда, ауруханалардың жүктемесі 46 пайызды құрайды. Айта кету керек, вакциналау науқанында қызылордалықтардың белсенділік танытуы да қауіпті індеттің таралуын тоқтатуда өз септігін тигізіп жатыр. Өңірде 400 мың адам екпе алатындардың қатарында болса, қазір соның 301 мыңы вакциналаудан өткен.

«Өскен өңір» ақпарат
28 қыркүйек 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031