Індет енжарлықты көтермейді
Жаһан жұртын әбігерге салған індеттің беті әлі қайтар емес. Дүниежүзін дүдәмәл күйге түсірген коронавирус инфекциясы бір сәтте бірталай адамды ажал құштырды. Атанды да жығатын ауру жас талғамай жолында кездескенін жалмағанынан хабардар болдық. Індеттің екпіні бәсеңсігенімен, ауру ошағы толық жойылған жоқ. Сондықтан, ең бірінші сақтық шараларын ұстанып, індетке қарсы екпе қабылдағанымыз абзал.
Бүгінде 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 17598 науқас тіркеліп, 16417 емделіп шықты. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 62 жағдай тіркелген. Осы орайда газет оқырмандарына түсінікті болу үшін Қызылорда төңірегіндегі аудандардағы індет жұқтырғандардың санына тоқталатын болсақ, (Қызылорда қ. – 39, Қазалы – 2, Жалағаш – 3, Сырдария – 2, Шиелі – 10, Жаңақорған – 6) тіркелді, 99 науқас (Қызылорда – 43, Арал-3, Қазалы – 6, Қармақшы – 4, Сырдария – 5, Шиелі – 20, Жаңақорған – 16) емделіп шықты. 2021 жылғы 24 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары тұрғанын көрсетеді. Ал, «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары бар.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2537 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 872596 жетті.
Елімізде үш ірі мегаполис пен көрші облыстар бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға тоқталар болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 181, Алматы қаласында – 547, Шымкент қаласында – 122, Ақмола облысында – 128, Ақтөбе облысында – 137, Алматы облысында – 270, Атырау облысында – 68, Шығыс Қазақстан облысында – 118, Жамбыл облысында – 58, Батыс Қазақстан облысында – 84, Қарағанды облысында – 340, Қостанай облысында – 104, Маңғыстау облысында – 23, Павлодар облысында – 190, Солтүстік Қазақстан облысында – 71, Түркістан облысында – 34. Қызылорда облысында – 62 азамат тіркелген. Індетпен күресу жұмыстары тоқтаған жоқ. Вакцинациялау жұмысы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен тұрғындар арасында әлі де болса бейқамдық байқалады. Сондықтан, әрбір азамат өзіне, айналасына, туған туысына қамқорлық, жанашырлық танытып, індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе екенін есінен шығармай, насихаттай жүргені абзал.
Шапағат ТІЛЕУБАЙ