Індет бейқамдықты кешірмейді
Дүниежүзін дүдәмәл күйге түсірген коронавирус инфекциясы бір сәтте бірталай адамды ажал құштырды. Атанды да жығатын ауру жас талғамай жолында кездескенін жалмағанынан хабардар болдық. Індет дендеп жатыр дегенде Қазақстанға келмейді деп қос қолымызды қалтаға салып емін-еркін жүріп, «жау жоқ деме, жар астында» деген мақалды ескермедік. Нәтижесінде бармақ тістеп, сан сабалап қалғанымыз өкінішті.
Осындайда «Сақтық шараларын әу баста сақтау керек еді» деген аз-кем өкініш көптің көкейінде қалғаны белгілі. Себебі айтып келмейтін аурудан тек сақтық ережелері ғана құтқарады. Хош. Әйтеуір не керек, қаза көріп, жүрегіміз қарс айырылып, одан кейін аяғымызды аңдап басып, жүріс-тұрысты азайта бастағанда коронавирус індетінің өршуі бәсеңдеді деген жағымды жаңалық жетті құлаққа. Бірақ медицина мамандары әлі күнге дейін қуануға ерте екенін айтып, қазақстандықтарға әу бастан ескерту жасап жатыр. Себебі қараша-желтоқсан айларында науқастар саны өсіп, аталған аурудың екінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы қыркүйек айының басында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген еді. Ол «Біз қазір болжам жасап жатырмыз, жағдайды бақылап отырмыз. Дәл болжамдар екі апта ішінде жасалады. Қазіргі күнделікті көрсеткіш әртүрлі. Дегенмен қараша-желтоқсан айларында науқастар саны өсуі мүмкін. Бұл екінші толқынның болуымен байланысты, сондай-ақ жедел респираторлық инфекция мен тұмаудың да белең алатын кезі» деді. Демек тұрғындар сақтық шараларын бұрынғысынан да күшейту керек. Жасыратыны жоқ, қазір көпшілік жиналған жерде немесе қоғамдық орындарда бетперде тақпақ түгілі, антисептик қолданып жүргендерді сирек байқаймыз. Құдды бір қауіпті індет енді қайтып келмейтін сыңайлы. Әрине, келмегені жақсы. Ал егер орын алған жағдайда әу бастағыдай опық жеп қалмайық.

«Сақтансаң сақтайды» деген сөз бүгінгінің ұранына айналғандай. Өйткені күллі әлем бұл вирустың алдын тек сақтық шаралары арқылы ғана алатынын түсінді. Халыққа бетперде тақ, антисептик пайдалан деп дабыл қағуы да бекер емес. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармай, босаңсымау керек.
М.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА