Қаперге ілмеген қатерге ұрынар
Жаһанды жайлаған кесірлі кесел біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Індеттің құрығына ілініп, жанын шүберекке түйіп отырғандар да жеткілікті. Ажал тырнағынан құтыла алмағандар да аз емес. Нақтырақ айтсақ, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны – 71 838, ал аурудан айыққандар – 43 401, індеттің кесірінен көз жұмғандар – 585 адамға жетті. Күллі әлемді қыспаққа алған коронавирустың кесірінен көпшілік елдің сөзін сөйлеп, халыққа қызмет еткен жақсылардан айырылды. Біреу әкесінен айырылса, енді бірі анасынан, ал басқа біреулері жан жолдасын жер қойнына тапсыруда. Әрине, кімге болса да оңай емес. Хәкім Абай айтпақшы «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол. Қаза көрген жүрегі жаралы ол». Әсіресе, өн бойымызды үрей билеген уақытта жақыныңнан айырылу жығылғанға жұдырық болғанмен бірдей.
Үш ғайыптың бірі ажал екені барлығымызға мәлім. Десе де ет жақындарымызды кейде жер қойнына тапсыруға қимай жатамыз. Ес-түсімізден айырылып, сергелдең халге түсеміз. Жер жаһанда өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Мұндай сәтте қолдау білдіріп, көмек қолын созатын ағайын-туыстар мен дос-жарандар. Көңіл айтып, қайғыны бөліскісі келгендер аз да болсын қаралы жанның жүрегіне жол табатыны жасырын емес. Мұны білген дана халқымыз «Қуанышты бөліспесең де, қайғыны бөліс» деп айтқан. Бір өкініштісі, аты жаман ауру қазіргі таңда қайғыны бөлісуге де мүмкіндік бермей тұр. Тойды тоқтатқанымен қоймай, жаназаға жиналуға да тосқауыл болуда. Бұл қаза алыстан «ой, бауырымдап», бір-бірімізді құшақтап, өксігімізді баса алмай, көп болып бөлісе жеңілдейтін бейбіт күннің қазасы емес. Оған жақындап кеткенді жалмайтын жаман ауру себепші. Тіпті Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да жаназа шығару мен жерлеу рәсіміне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Күллі қазақстандықтарды қауіптен аман болуға шақырды. Сол мәлімдемеге бір көз жүгіртсек, «Халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтату керек» деп тайға таңба басқандай жазылған. Ал облыстың бас имамы Болатбек Әбуов:

– Құранда бір адамның өмірін құтқарған адам бүкіл адамзаттың өмірін құтқарғанмен тең дейді. Қиын сәтте қара жамылған үйге тезірек барып, көңіл айтып, жаназасына қатысу ұлтымызда да, шариғатымызда да міндет саналған. Бірақ қазіргі уақытта, індет өршіп тұрған кезде сіздерден мәйіт шыққан үйге көбірек бармауды және көңіл айтқанда да телефон арқылы, басқа да құралдарды пайдаланып көңіл айтуды сұраймыз, – деді.
Алайда ел ішінде жиылып жаназаға бару тыйылмай тұр. Тіпті кейбіреулері үйдегі ата-әжелерін ертіп, көңіл айтуға бірге барады. Ат арытып айшылық жерге жол жүріп жатқандары да жетерлік. Әрине, оңай емес. Жақыныңнан айырылып, жан жараланып жатқанда ұялымен көңіл айта салу кім-кімге болса да ауыр соғады. Бірақ жаназаға барған жанның да ертең ауыр дертке шалдықпауына кім кепіл? Тіпті Алла Тағаланың өзі «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» деп ескерткен. Ал Ардақты Пайғамбар «Өзгеге және өзіне зиян тигізуге болмайды» деген. Демек қауіптен сақтану үшін қара жамылған үйге арнайылап бармасақ та болады екен. Әсіресе, індет дендеген уақытта үйден шықпаған абзал. Мұны имамдар да, медицина мамандары мен полиция қызметкерлері де жанұшыра жеткізуде. Елімізде карантин енгізілгелі бері тойға тосқауыл керек деп дабыл қаққан едік. Көптің түкіргені көл болды ма әлде халық расымен сақтана бастады ма қайдам, әйтеуір ауыл-аймақта ұланасыр той азая бастады. Алайда, жетісі, қырқы, жылы сынды Құдайы асқа келгенде өз денсаулығымызды тәуекелге байлайтынымыз өкінішті.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА