Батаменен ел көгерер
«Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген қанатты сөз бар. Біз жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. Жалпы, қанатты қағидалар жай айтыла салмайды. Оның өзіндік салмағы бар, өмірден көрген түйін, тұрмыстан көрген тәжірибе бағалы сөздің салмағын санаға сіңіртеді.
Ұлт болып ұйысудың бір қасиеті – бірлік болса, бірлікке бастау болатын да, үндейтін де, өсиет пен ақылдың басшысы болып, әрбір ісіңе береке тілейтін қазыналы қариялардың батасы екені даусыз. Бір отбасының өзінде бірлік пен береке болмаса, шаңырақ шайқалады. Ал, шаңырақ құрарда алдымен ата-ананың, әулет ақсақалының батасы беріледі. Одан әрі қарай бата беру, бата алу арқылы әртүрлі салт-дәстүрлер қабысып, жоралғылар өз жарасымымен өте береді. «Батаменен ел көгерер» деген қанатты сөз содан қалса керек-ті. Әрине, астарында үлкен мән жатыр.
Ұлт болып ұйысудың бір қасиеті – бірлік болса, бірлікке бастау болатын да, үндейтін де, өсиет пен ақылдың басшысы болып, әрбір ісіңе береке тілейтін қазыналы қариялардың батасы екені даусыз. Бір отбасының өзінде бірлік пен береке болмаса, шаңырақ шайқалады. Ал, шаңырақ құрарда алдымен ата-ананың, әулет ақсақалының батасы беріледі. Одан әрі қарай бата беру, бата алу арқылы әртүрлі салт-дәстүрлер қабысып, жоралғылар өз жарасымымен өте береді. «Батаменен ел көгерер» деген қанатты сөз содан қалса керек-ті. Әрине, астарында үлкен мән жатыр.
Ақсақалдың бата беруі – абзал да абыройлы қасиет. Кешегі кеңестік кезеңде осы ұлттық қасиетімізге біршама көлеңке түсті. «Ауылыңда қария ұлағатты болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген сөздің салмағы жеңілдеп, ұлағатты ұғымы солғын тартқан еді. Алайда, біз – ақсақалдықты ар мен намыстың туы етіп ұстанған елміз. Қарияның сөзі халықтың сөзі деп үйренгенбіз. Осы ұлы дәстүрді жаңаша жаңғырту, заман болмысына қарай тәрбиелік-тағылымдық үрдіске айналдыру біздің алдымыздағы абзал мақсаттардың бірі болып қала бермек. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев Ұлы дала ұлағаттары жинағының 6 бөлімінде «Қарияларымыз – қазынамыз» атты тақырыбында «Атадан балаға, кейінгі ұрпаққа өркенді өнеге мен жақсы сөз жетеді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» делінетіні де сондықтан. Қарттықтың қадірлісі – озық дәстүрлерді, халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауға өзіндік үлес қосу» дейді.
Рухани жаңғыру бағдарламасына орай, бірнеше жылдан бері қариялар арасында бата жарысы өтіп жүр. Кезекті жарыс сәрсенбі күні Шамшат Оразымбетованың ұйымдастыруымен Алғабас мәдениет үйінде өткен болатын. Оған Ақмая ауылынан Тұрсынбек Жүсіпов, Алғабас ауылынан Жақай Сақбаев, Бестам ауылынан Қазына Дүрімбетова, Телікөл ауылынан Сейітқали Телжанов, Төңкеріс ауылынан Әшірбай Құндызбаев, Еңбекші ауылынан Мырзахмет Сапарбай қатысты. Шара қазылар алқасының төрағасы Ө.Исмаилдың алғы сөзімен басталып, бата жарысы екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қариялар батаны жатқа айтса, екінші кезеңде жеребе арқылы жарысты. Жеребеде той, ас, дастархан, жас отау, жолаушы, келінге арналған бата беруден сайысты. Сайыстың өту тәртібіне қарай барлық санитарлық талаптар сақталды және қариялардың көңілін аулау мақсатында сахна қазақы нақышта безендіріліп, ұлттық рухты көтеретін әндер орындалды. Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Тұрсынбек Жүсіпов, ІІ орынды Сейітқали Телжанов, І орында Жақай Сақбаев иеленсе, бас жүлдені Мырзахмет Сапарбай еншіледі.
Үлкенге ізет көрсететін қазақ тәрбиесі қариялардың жас шамасына байланысты реттілікпен өтті. Сондай-ақ, тақырыптан ауытқу, параққа қарап айту, жатқа оқу мәнері ескерілді. Бастысы, қазылар – Ө.Исмаил Б.Күлімбет, Шамшат Оразымбетова бата жарыстың әділ өтуіне мән берсе, екінші жағынан кеңінен насихатталып, рухани жаңғыруымызға себепкер болатын қасиеттерден ажырамауызды өсиет етті.
Ақбота Баянбай