Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУРУ – АСТАН

АУРУ – АСТАН


Базар іші абыр-сабыр. Қаптаған адамдардың ішінен аяқ алып жүру қиын. Таяқ тастасаң фаст-фуд тағамдарын сататын дүңгіршектерге тиеді. Осындай дүңгіршектердің маңайынан өте қалсаңыз, тәтті тоқаштардың, балғын самсалар мен бургерлердің иісі мұрын жарады. Бағасы да қолжетімді. Қолайлы бағамен қарынды да тойдыруға болады. Базарға келушілер мен саудагерлер мұндай шағын орындардың саудасын жүргізуде. Сатып алу үшін тіпті кезек күтуге тура келеді.
Түстік уақыт. Талғажау ету үшін, тіске басар сатып алуға біз де базар ішіндегі дүңгіршектердің біріне келдік. Дәлірек айтсақ, «Arzan market» ке қарама-қарсы орналасқан «Fast Food» сататын орын. Сауда деген қызып тұр. Сатып алушылар бірінен соң бірі әлігі жерде тұрған Фаст-фудтарға жапа-тармағай таласып, кезек күтуде. Бір кезде екі жігіт келіп бәліштен сатып ала бергенде, бәліш салынған табақ жерге құлап түсті. Ол кезде әркім өз керегін алып кеткен еді. Абырой болғанда оны бізден басқа ешкім көрген жоқ. Сатушы апай бізге қарап тұрып, құлап қалған бәліштерді шаң мен топырақ арасынан жинай бастады. Сөйтті де жаңағы бәліштерді сатып алушылардың үстеліне қайта жайғастыра салды. Бірақ біз, бүлінген бәліштерді басқа жерге қоятын шығар деп ойлаған едік...
Қазіргі кезде дімкәс емес адам табу – қиын. Елімізде пандемея басталғалы бері жағдай мәз емес. Вирус жұқтырып аламыз ба деп алаңдаған тұрғындардың бүгінгі хәлі тіпті қуантпайды. Расында осындай кезде вирустар тез таралып, ауру лезде жұғып кетуі бек мүмкін. Гәп неде? Гәп– алдымыздағы аста...
«Байдың асын байғұс қызғанады» деп жүрмеңіздер. Бұдан «байғұсқа» келіп-кетер ештеңе жоқ. Кәсіпкердің нәсібін тоқтатуда ойымызда жоқ. Біздікі тек санитарлық талаптардың дұрыс сақталғанын баса назарда ұстау. Себебі, елімізде «тәж вирус» әлі де өршіп тұр. Мұндай кезде вирус­тар тамақтану орындарында көп болады. Ал, санитарлық талаптар сақталмаған жерде, денсаулыққа үлкен қауіп бар. Ауру– астан. Әрбір адам тазалықты өзінен бастауы керек десек те, базардағы дүңгіршектердің бұл істе тияқты болғаны жөн. Мұндай орындарға тұрғындар күні-түні ағылып келетін болғандықтан, сатушылар тазалықты сақтап, санитарлық талаптарды орындаса деген ұсыныс біздікі. «Көрген көзде жазық жоқ» дегендей, көріп тұрып жазбай, сатушыға айтпай кету бізге де сын болар едік...

Сымбат Сұлтан
24 тамыз 2021 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930