Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы жәрмеңке: Саудагерлер үшін арнайы павильондар орнатылуда

Астанадағы жәрмеңке: Саудагерлер үшін арнайы павильондар орнатылуда

ÐÑÑанадаÒÑ Ð¶ÓÑмеңке: СаÑдагеÑÐ»ÐµÑ Ò¯ÑÑн аÑÐ½Ð°Ð¹Ñ Ð¿Ð°Ð²Ð¸Ð»ÑÐ¾Ð½Ð´Ð°Ñ Ð¾ÑнаÑÑлÑда
Биыл саудагерлер жаңа павильондарда отырып, өз тауарларын сата алады. Жаңа үлгідегі алғашқы павильондар Астана әкімдігі жанындағы алаңда орнатыла бастады. Эскизге сәйкес, әрбір саудагердің өз павильоны болады. Алты бұрышты сауда орны толығымен шынымен қапталған. Бірақ павильондар дүңгіршек тәрізді бөлек-бөлек тұрмайды. Үш павильонды біріктіріп, өзгеше бір стильде орнатып жатыр.
 
"Жәрмеңке кезінде бұрынғыдай шатырлы қалашық жасамайды. Барлық саудагерлер осындай заманауи павильондарда отырып, өз саудасын жүргізеді. Ал жәрмеңкеден тыс уақытты басқа мақсатта пайдаланатын шығар, я болмаса, мүлдем алып тастайды. Бірақ бұндай конструкцияларды тасымалдау қиын. Себебі шынысы көп", - дейді құрастырушы компанияның жұмыскерлері. Айта кетейік, елордада жыл сайын өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне барлық облыстар өз тауарларын әкеліп, қолжетімді бағамен сатып тұрады. Былтырғы жәрмеңкелер ЭКСПО көрмесі кезінде басталған.


16 маусым 2018 ж. 874 0