Жалған құжат жаныңа тыныштық бере ме?
Жер бетіне індет келгеннен кейін оған қарсы антиденені әр мемлекеттің ғалымдары зерттеп, ойлап шығарды. Ғалымдардың шығарған вакцинасы әртүрлі болғандықтан, адамдарға да әрқалай әсер етті. Әсіресе, денсаулығында кінәраты барлар «вакцина салдырсам қайта індетке шалдығамын, сау жанымды өз еркіммен ауруға ұсынбаймын» деп одан әрі қашты. Осындай екі ұдайлы түсінбеушіліктер болып жатқанда ақша табу мақсатында айлакерлер жалған құжат сатып, айласын іске асырып жатыр.
Вакцина ектіргені үшін «Ashyq» жобасымен тиімді қызмет түрлерін пайдалана алатын қазақстандықтар арасында жекелей паспорт алу маңызды. Паспортыңыз болса, ашық бағдарламасында жасыл жанып тұрады. Сақтық шараларын ұстана отырып, қызметіңізді, бизнесіңізді жалғастыра аласыз, қоршаған ортада белсенділіңізді жоймайсыз. Мұны жақсы түсінген айлакерлер мен екпе ектіргісі келмейтіндер бір-бірін тауып, жалған құжат жасап, айналаға зиянын тигізуде. Салдарынан індет өршіп, клиникалық белгілері расталған вирустың таралу жылдамдығы 10 есеге артты. Тіпті, мамандар үшінші толқын басталды деп дабыл қағуда.
Еліміз бойынша паспортты қажет ететіндер көбіне сауда-саттық пен туризм саласына жүгінетіндер, сондай-ақ, мәжбүрлі вакциналаудан қашатын қызметкерлер. Қазіргі таңда, елде жалған құжат сату мен жасату фактісі тіркелген және аз емес. Анықталған медицина қызметкерлері өз еріктерімен жұмыстан шығуға арыз берген. Олардың бұл әркетіне қылмыстық іс қозғалып, тергеу және сарапшылар зерттеуі жүріп жатыр.
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік препаратпен жаппай вакциналаудың бірінші кезеңі басталған. Ал, 15 ақпаннан бастап Қазақстанда өндірілген «Спутник V», шет елдік «Hayat-Vax» вакцинасы егілді. 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық өнім – «QazCovid-In» препараты қосылды. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде тұр. Ал, елге 4 -ші тоқсанда жеткізілетін «Pfizer» екпесі ДДСҰ-ның зерттеуінен өтіп, 95 процентке антидене түзетін вакцина ретінде танылған. Бұл екпені 16 жастан бастап, 65 жастан асқан қарияларға да салуға болатынын ғалымдар алға тартқан. Себебі, «Pfizer» екпесі ең алғаш 70 жастағы қарияға салынған. Мұнымен бірге Израиль елі аталған екпені толықтай қабылдағаннан кейін елдегі эпид ахуал 95, өлім көрсеткіші 98 процентке төмендеген.
Ғалымдардың зерттеуінше, «Pfizer» екпесін 3-ші доза ретінде егуге де болады. Қазір коронавирустың «дельта» нұсқасына осы екпе 70 процентке қарсы антидене түзе алатынын медицина сарапшылары мен ғалымдары растап отыр. 1-ші доза мен 2-ші дозаның арасы 21 мен 28 күн болу керек, ал, оған дейін 1-ші доза 12 күннен соң антидене арқылы қорғанысты қамтамасыз етеді.
Аудандағы эпид ахуалға ойыссақ, жағдай әлі де тұрақсыз. Бүгінге дейін 24 мыңға жуық тұрғын вацина алды. Аудан бойынша жалпы 18-69 жас аралығындағы халық саны – 44062 құрайды. Соның ішінде – 38026 тұрғынға вакцина егу жоспарланған. Қазіргі таңда, 143 вакцина алмаған тұрғын коронавирус жұқпасымен ауырған. Одан бөлек науқастанып, ауруханада жатқан 145 адам болса, 12 тамызда 23 тұрғаннан вирус анықталған. Мұнымен қоса, жыл басынан бері індеттен 8 адам қайтыс болды.
Жалпы, ауданда Covid-19 жұқпасына қарсы күреске арналған 170 төсек бар, жағдайдың күрделенуіне қарай 200 төсекке дейін көбейтуге мүмкіндік жасалған.
Коронавируспен ауырған тұрғындардың және олармен байланыста болған әрбір адамнан 2 рет ПЦР тест алынып, дезинфекциялық жұмыстар жасалуда. Сонымен бірге, аудандық бас дәрігердің бекітуімен 2 мобилді топ жұмыс жасайды.
Ақбота Баянбай