Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс алаңында жұмыс қарқынды

Құрылыс алаңында жұмыс қарқынды


Жыл өткен сайын құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан болар, ауданның келбеті өзгеріп, ауылдың ажары айшықтала түсті. Алыстан көз тартар көрікті үйлерде көбею үстінде. Елдің әр түкпірінде салынып жатқан ғажайып нысандар мен зәулім ғимараттар жергілікті халықты ғана емес, сондай ақ, алыс жақыннан келген шетелдікерді де таңғалдыруда. Қалай десек те бұл қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан маңдай терлетіп, еңбектеніп жүрген құрыш қолды құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасы.
Айта кетейік, тамыздың екінші жексенбісі елімізде «Құрылысшы күні» болып белгіленген. Осы орайда, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов брифинг берді.
Сала маманы 2021 жылға 30 әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарланғанын айтты. Оның ішінде, өткен жылы басталған 21 нысанның құрылысы мен 9 жаңа нысан бар.
– 2021 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша бөлінген 12,7 млрд. теңгенің 2,5 млрд теңгесі игерілді. Бүгінгі күнге дейін 3 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтқанда: Шиелі аудандық тарихи-өлкетану ғимаратына қосымша құрылыс, Қызылорда ОІІД-нің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу жаттығу полигон құрылысы, Қызылорда қаласындағы Тенис орталығы құрылысы жыл аяғына дейін тағы да 18 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ал, қалған 12 нысан 2022 жылы аяқталады деп күтілуде деді А. Әлібекұлы.
Брифинг барысында 2021-2022 жылға барлық аудандар мен Қызылорда қаласының елді-мекендерінде барлығы 19 нысанның жоба сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 91780,0 мың.теңге қаржы бөлініп отыр Нақтырақ айтсақ, 8 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық бекет, 3 мәдениет нысаны, 4 спорт нысан, 1 әкімшілік ғимараты назарға алынды. Қазіргі таңда жобалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін сараптамадан толық өткізу жоспарланған.
Жоғарыда жазған жоспарлы жұмыстардың барлығын да құрылысшылардың қолтаңбасы сайрап жатыр. Шиеліде де жыл сайын түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Құрылысшылар құрметіне орай мерекелік күн белгіленді. Осынау айтулы күні ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, бүгінгідей әсем ғимараттарды салуға айрықша үлес қосқан, құрылыс саласының майталман ардагерлері Омархан Кемелов, Тұрғанбай Әбілдаев, Қуандық Әлтаев, Дүйсебай Нәбишев, Аман Сандыбаев,­ Ерназар ­Абдуллаев, Ораз Әбдіқалықов, ­Насырбек ­Мырзабеков, Үсен Күздеубаев, Фаина ­Матушкина, Зәуре Асылбекова, Зара Асабаева тағы басқа қолы алтын құрылысшылар аудан жұртының алғысына бөленіп келеді.

Шапағат Тілеубай
07 тамыз 2021 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031