Ауыл халқының айтары бар
Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев жұмыс сапарымен Шиеліге келіп, аудан ахуалымен танысты.
Ауданымызға кезекті іс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында мәжілісмендер қысқа сөйлеп ауданның мәселелерін тыңдады. Біздегі мәслихат депутаттары азық-түлік, бензин бағасы, Ақмая, Жуантөбе ауылдық округтеріне газ тарту және аяқ су мәселелерін көтерді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдау барысында Қарғалы ауылының тұрғындары ауылға жаңа мәдениет үйі ғимаратының қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, қарғалылықтар егін шаруасының шатқаяқтап тұрғанын тілге тиек етіп, аяқ су мәселесінен зардап шегіп отырғандарын жеткізді. Тіршілігінің негізгі тынысы мал шаруашылығы және егін екенін айтқан ауыл тұрғындары аяқ су мәселесі шешім таппаса жеріміз сорға айналады деп шырылдады.

Сақалды құрылыс немесе жалған құжат жарға жықты
Одан әрі Мәжілісмендердің елмен жүздесуінде аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Сыздық және мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров бірге жүрді. Ақтоғандықтардың бас ауруына айналған ескі мектеп ғимараты да назардан тыс қалмады. №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы 2018 жылы жарияланған болатын. Хаттамаға сәйкес конкурс жеңімпазы «Экспресс-Строй»ЖШС 116 480,0 мың теңгеге келісім шарт жасасқан. Заңға сүйенсек келісім шарт бойынша мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 90 жұмыс күні беріледі. Алайда, сақалды құрылысқа айналған мектептің жөндеу жұмысы 3 жылдан бері әлі бітпей тұр. Осы шарттың 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Экспресс-Строй» ЖШС шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы сомасы 35 457 410,85 теңгені құрайтын, шарттың жалпы сомасының 3 процент мөлшерінде 1 416 844,80 теңгеге тең, сондай-ақ 34 040 566,05 теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттелген.

Алайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес сомаға берген банк кепілдемесі жалған болғандықтан «Экспресс-Строй» ЖШС-не 2018 жылдың 29 желтоқсанында келісім шартты бір жақты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарлама жолданып, 2019 жылдың 27 сәуірінде келісім шарт бір жақты бұзылған.
Дамыған елдердің көшіне қосылу үшін сапалы білім беру мәселесін күн тәртібінен түсірмей келеміз. Алайда, сапасы сын көтермейтін мектеп қабырғасында оқушылар білім алуда. Осы сарынды мәселелерді қозған Досбол би ауылындағы ағайындар мектепті жөндеуден өткізу жұмыстарының толығымен аяқталмауына байланысты Мәжілісмендерден 100669,0 мың теңге қаржының облыстық бюджеттен бөлінуіне ықпал жасауын сұрады.
Айналмалы жол шаруаларды әлекке салды
Иә, ақмаялылықтар үшін биылғы жылдың егін шаруашылығы біршама шығынға түсті. Неге? Мәселенің түп-төркіні сонау өткен жылдарда салынған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік дәлізі үстінен салынуы тиіс өткелде. Уағында керегін түгендеп қамданбаған басшылардың олқылығын енді қалай заңдастырамыз?

Ақмая ауылдық округінде 7000 гектардан астам егіндік жер бар. Оның 85 проценті «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» авто жолының арғы бетінде орналасқан. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі, жұмысы осы егін шаруашылығымен тікелей байланысты. Ерте көктемнен сайманын сайлап, қыс азығын жаз жинайтын шаруалар бұл күндері жолдың арғы бетіндегі егістігіне жету үшін 44 км құрайтын айналма жолды жүріп өтуге мәжбүр. Яғни, барарда көрші аудан Жаңақорғанның Сунақ ата ауылындағы айналмалы жолды өткерсе, қайтуы Нартай Бекежанов ауылымен ұштасып жатыр. Бүгінгідей нарық қыспаққа алған мезетте жол шығыны қарапайым шаруалардың шаңын қағып алатыны белгілі. Себебі, жанар-жағар май қымбат, ол аз десеңіз егінге керекті заттар да бұрынғы бағасынан еселеніп кетті. Ал, жем-шөптің бұл күндері таптырмай тұрғаны тағы бар. Ал, шөп таситын үлкен көліктер үшін бұл мәселе тіптен қиын. Міне, осы мәселенің шешімін табуды сұраған ақмаялықтардың ендігі үміті Мәжілісмендерде.
Клуб құлар алдында тұр
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреевтің жұмыс сапары Телікөл ауылына ұласты. 1967 жылы негізі қаланған ескі клуб ғимараты апатты жағдайда тұр. Заман талабына сай келмейтін өнер үйінен өнерлі балалар өсіп шығуда. Дегенмен, құлар алдында тұрған ғимаратта үреймен жүргенше, жаңа ғимаратта болашаққа үмітпен қарауды қалайды ауыл халқы. 1551 тұрғын мекен ететін Телікөл ауылдық округіне 0,7 гектар жер учаскесі арнайы осы бағыт үшін берілген екен. Олай болса, бұл мәселенің де шешім табуы уақытты талап етіп тұр.

Ш.Тілеубаев