Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - балық шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы жүзеге асырылып, облыста балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды, - деп жазды ол.
Бүгінгі күні балық шаруашылығы - аймақ экономикасында өзіндік орны, тұрмыстық-шаруашылық, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған ата кәсібіміз ғана емес, береке-байлығымыз болып отыр.
https://baq.kz/