Қуанышбек Ысқақов: Төрт кәсіпорынның Еуропа елдеріне балық өнімін жөнелтуге лицензиялары бар
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
-Аймақтағы балық шаруашылығы және «Саратс-2» жобасы жайында айтып өтсеңіз.
«Саратс-1» жобасы аяқталып, қазір «Саратс-2» жобасы іске қосылып жатыр. Бұл жоба 6 компаненттен тұрады. Сырдария өзенінің арнасын жөндеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу жобасы. Жоба аясында Арал теңізін екіге бөлген болатынбыз. Ортасынан 14 шақырымнан тұратын «Көкарал» дамбасын салып,оңтүстік және солтүстік Арал құрдық. Қызылорда өңірінің төңірегіндегі солтүстік Арал қалыпқа келуде. Кезінде ата-бабасының кәсібін жалғастырушы қазіргі күні осы жерде балық шаруашылығын дамытуда. Теңіз тартылған уақытта жойылып кеткен балық түрлері де көбеюде.
Қазіргі кезде «Саратас-2» жобасының 4 бағдарламасы жүзеге асуда. Оның 3-і республикалық бюджеттің есебінен іске асырылуда.
Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында ең басты мақсат ауыл шаруашылығы өнімдеріне көңіл бөлу қажеттігі айтылған болатын. осы бағытта Қызылорда облысы Арал ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 9 кәсіпорын бар. Олардың ішінде 4 кәсіпорында Еуропаға балық өнімін жөнелтуге лицензиялары бар.
Жалпы, «Саратс-2» жобасы бойынша жұмыс жүруде. Сонымен қатар өңірде балық шаруашылығы да дамуда.
Kyzylorda-news.kz.