Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ақысы жоғарылайды

Жол ақысы жоғарылайды


Аудандық баспасөз орталығында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жұмат Қалекеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатына арқау болған негізгі мәселе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тасымалдаушылар арасындағы келісім шарт мерзімінің аяқталуы. Бұл келісім шарт 2016 жылдың мамыр айынан басталып бүгінге дейін іске асқан.
Бұл уақыт аралығында аталған тасымалдаушылардың көмегімен аудан бойынша кентішілік 7 бағытта және ауданаралық 20 бағытта қоғамдық көлік қатынасы қамтамасыз етілген. Барлық бағытты қамту үшін күнделікті 100-ге жуық қоғамдық көлік жұмысқа шығып отырған.
Енді келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты қоғамдық көлік қатынасымен айналысатын жаңа тасымалдаушыларды анықтау мәселесі өзекті болып тұр. Жаңа конкурс жарияламас бұрын сала мамандары қажеттіліктерді толықтай ескеруді жөн көріпті. Оның ішінде қоғамдық көлікпен жолаушылар мен багажды тасымалдау сапасын арттыру мәселесі де қарастырылған. Бұл бағытта кентішілік 6 бағыт және кентаумақтық 20 бағыт бойынша қоғамдық көліктердің жүру сызбасы мен интервалдары жасалған. «Әзірленген қоғамдық көліктердің жүру сызбалары аудан көлемі тұрғындарын толығымен дерлік тасымалдауға мүмкіндік береді», – дейді жауапты сала мамандары.

Ақбота МҰРАТҚЫЗЫ
05 шілде 2021 ж. 856 0

Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10 қыркүйек 2026 ж. 78

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930