Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УНИВЕРСИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УНИВЕРСИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы өз мәресіне жетті. Еліміздегі 100–ден аса жоғары оқу орны ішінен, 60 университет өз студенттеріне шараға қатысуға жағдай жасап, додаға қосты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің арманына қанат байлап барған спортшылары үмітті ақтап, жалпы командалық есепте БЕСТІККЕ кірді.
Спорттың 20 түрінен 136 спортшымыз жарыста бақ сынады. Нәтижесінде біздің қоржынымызда 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль бар. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді. Бұл университетте жүйелі түрде спортшыларды жан-жақты қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Жеңімпаздар елдің құрама командасы сапында 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысуға жолдама алды.
Университетте студенттер үшін 11 спорттық секция жұмыс жасайды. Оқу ордамызда Әлем чемпионатының - 9, Азия чемпионатының - 27, Қазақстан чемпионатының - 120 жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда.
Материалға төмендегі тақырыптардың бірін таңдасаңыз болады:
1. Бестіктен көрінген оқу ордасы
2. Универсиада үздіктері - «Қорқыттың» студенттері
3. 11 алтын біздің қоржында!
4. Қорқыт ата университеті – жеңімпаздар ордасы
5. Чемпиондар тәрбиелейтін оқу орны
Университеттің медиа орталығы
Бөлім басшысы Бакбергенова Ботагөз бекқызы
Тел:8/7242/262134; 87774558888
Ресми веб-сайт: korkyt.edu.kz
Instagram: qorqytata_universit
14 маусым 2021 ж. 208 0