Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіл атлетика: Қазақстан әйелдер командасы әлем біріншілігіне жолдама алды

Жеңіл атлетика: Қазақстан әйелдер командасы әлем біріншілігіне жолдама алды

ÐеңÑл аÑлеÑика: ÒазаÒÑÑан ÓÐ¹ÐµÐ»Ð´ÐµÑ ÐºÐ¾Ð¼Ð°Ð½Ð´Ð°ÑÑ Óлем бÑÑÑнÑÑлÑгÑне жолдама алдÑ
Жапонияның Йокогама қаласында жеңіл атлетикадағы эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Аталған турнирге Қазақстан екі команда апарды: 100 метрден 4 адамдық жарыс (әйелдер) және 400 метрден 4 адамдық жарыс (аралас команда). Чемпионат нәтижесі бойынша Қазақстан әйелдер командасы күзде Катар астанасы Дохада өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.  Ал аралас командалық сында біздің атлеттер көш соңында қалды. Олар 16 команданың ішінен 16-шы орын иеленген. Olympic.kz сайтына ұлттық құрама бас бапкері Григорий Егоров сұхбат беріп, әлемдік сынды қорытындылады.  «Эстафетадан әйелдер командасының көрсеткіші айтарлықтай жаман емес. Бірақ бұдан да жақсы нәтиже тіркеуге болатын еді. Ұзақ уақыт әуе кеңістігінде өткізген соң олар шаршап қалды. Бабымызға ену үшін бізге бір күн керек еді тағы... Финалға жолдама алып, жоғары орын иеленер ме едік...Қола медаль иеленген команданың көрсеткіші тым жоғары емес. Олармен жарысуға болады. Аралас командалық сынға келер болсам, Андрей Соколовтың баяу жүгіргенін айту керек. Одан жылдамырақ саналатын Дмитрий Коблов сырқаттанып қалды да, жарысжолына шыққан жоқ. Азия чемпионатына да қатыспайды. Әлемдік сынға дейін қалпына келер деп едік. Болмады. Оны ауыстыратын басқа адам бізде жоқ.  Светлана Голендова мен Элина Михинаның демалатын бір сағат  уақыты ғана болды. Олар әйелдер арасындағы эстафетадан соң дереу аралас командалық бәсекеге қатысты.  Әйелдер командасы әзірге жоспарды орындады. Ал аралас командалық сын бойынша әлі де сұрақтар көп. Олардың уақыт көрсеткіші бойынша Дохадағы әлемдік сынға қатысатын мүмкіндігі бар», - деді Егоров.  Айта кетелік, әйелдер арасындағы эстафетада Ольга Сафронова, Рима Кашафутдинова, Элина Михина және Светлана Голендова бақ сынады.  Аралас командалық эстафетада Михаил Литвин, Андрей Соколов, Элина Михина және Светлана Голендова жарыс жолына шықты.  

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/314896-zhe-il-atletika-aza-stan-jelder-komandasy-lem-birinshiligine-zholdama-aldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
14 мамыр 2019 ж. 1 099 0