Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі іске қосылды

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі іске қосылды

Ел дамуының күшті ресурстарының бірі үкіметтік емес ұйымдар. Олар бизнестегі әлеуметтік бастамалар мен елдегі оң өзгерістердің жетекшісі болып табылады.
Әлеуметтік салалардағы мемлекет функцияларының көп бөлігі әлеуметтік бағытталған коммерциялық емес ұйымдарға тапсырылуда. Мемлекеттің үкіметтік емес секторға осындай жауапкершілік артқан тұста азаматтық сектордың әлеуетін өсіріп, ҮЕҰ кәсібилігін арттыру қажеттілігі арта түседі.

Осы өзгерістердің нәтижесінде 2020 жылдың қыркүйегінде пилоттық режимде «Үкіметтік емес ұйымдар академиясы» жобасы басталды. Мақсаты – бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту үшін жаңа жағдайлар жасау. 2020 жылы үкіметтік емес ұйымдарды оқыту қажеттілігі анықталып білім беру процесін үздіксіз негізде жүзеге асыру жұмыстары атқарылды, жобаның табысты нәтижелеріне байланысты 2021 жылы да одан да тереңдетілген форматта «ҮЕҰ академиясы» жобасын іске асыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты, Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған, қазақ және орыс тілдерінде үш ағым бойынша өтетін әлеуметтік кәсіпкерліктің онлайн-мектебі іске қосылды.
Тыңдаушылардың бірінші ағымы қалыптасып үлгерді және ол 2021 жылы 7 маусымда басталады. Екінші және үшінші ағымдар өз жұмысын шілде мен тамыз айларында бастайды. Қазір ниет білдірушілерді қабылдау жүргізілуде. Жалпы, барлық кезеңдер бойынша 160 ҮЕҰ өкілін оқыту жоспарлануда, оның ішіндегі 91 ҮЕҰ өкілдері бірінші кезеңде оқытылады.
Мектеп бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды: стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, әлеуметтік маркетинг, қаржылық сауаттылық, бизнес жоспар / бизнес модельдер құру. Тыңдаушылар онлайн режимде тәжірибелі спикерлермен кездеседі, жаңа және пайдалы білім мен дағдыларды игереді, бизнес-модельді әзірлегенге дейін өз идеяларын пысықтайды, пікірлестердің атмосферасына еніп, менторлық қолдау алады.
Жобаға «ADS Business Group», «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, UNIСEF, WORLD BANK GROUP, «Astana Hub» сынды басқа да көптеген компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын қазақстандық және халықаралық бизнес-жаттықтырушылар, кәсіби коучтер, бірегей меншікті бағдарламалардың авторлары тартылған.
Біз ҮЕҰ өкілдерін 28 маусымнан бастап (қазақ тілінде) 2-ші ағымға және 19 шілдеден бастап (орыс тілінде) 3-ші ағымға оқуға қосылуға шақырамыз.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған әлеуметтік кәсіпкерліктің онлайн мектебі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» жобасы шеңберінде іске асырылуда.
Сондай-ақ, ҮЕҰ академиясының «Жалпы білім беру компоненті» оқыту бағдарламасы бойынша қабылдау жалғасуда. Бағдарлама 5 тренингтен тұратын 8 модульді (барлығы 40 тренинг) қамтиды және 2021 жылғы 15 маусым мен 15 қыркүйек аралығында онлайн форматта өтеді.
Сарапшылар оқытуға арналған тақырыптар тізбесін әзірледі. Олардың барлығы оқыту бағдарламасында көрініс табады: маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және т. б.
Оқыту жаттықтырушылар мен бағдарламаға қатысушылардың өзара қарқынды іс-қимыл режимінде өтеді. Оқу процесіне дейін және одан кейін нақты салалардағы білімді өлшеу және ақпаратты игеру деңгейін бағалау тақырыптары бойынша сауалнама жүргізіледі
ҮЕҰ академиясының оқытуына қатысу үшін келесі сілтемелер бойынша google-өтінімді толтыру қажет:
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі: https://docs.google.com/forms/d/1Rtmero4jzkYThTQm_-T8bs7-R7yrOscw3Byrj2a0D68/edit
Жалпы білім беру компоненті:: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfD2kpG_wfDZwcUPao1tqqyAvZpLml0pInyaZ9IP14tOimY6g/viewform
Қос бағдарлама да «ҮЕҰ академиясы» жобасы шеңберінде және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылуда.
Әлеуметтік желілердегі парақшалар: Facebook – https://www.facebook.com/academynpo Instagram – https://instagram.com/academy_npo
Азаматтық бастамалар орталығының баспасөз қызметі
Қосымша сұрақтар үшін хабарласыңыз:
Нуржайнат Ахметова,
+7 701 222 3990 nurzhainat.akhmetova@gmail.com

Қысқаша:
«ҮЕҰ академиясы» - бұл ҮЕҰ өкілдері үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің бірінші жүйелендірілген курсы. Жоба 2020 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен үкіметтік емес секторды дамыту үшін жағдай жасау мақсатында басталды.
Жобаны «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
«ҮЕҰ Академиясы» жобасының ресми серіктестері - ALMAU саясат және құқық мектебі, Астана Халықаралық университеті, «Қазақстандық Медиация орталығы» ЖМ, «Smart Charity» ҚҚ, «Белес» талдау және стратегия орталығы қоғамдық бірлестігі.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері Қазақстанның 300-ден астам үкіметтік емес ұйымдары оқудан өтті, оны Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, Қырғызстанның белгілі сарапшылары мен бизнес жаттықтырушылары жүргізді. «ҮЕҰ академиясы» курсының аушылары 800-ден астам адам болды.
09 маусым 2021 ж. 655 0