Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманауи ақпараттық технологиялар және жүйелерді компьютерлік модельдеу конференциясы

Заманауи ақпараттық технологиялар және жүйелерді компьютерлік модельдеу конференциясы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одағының Эразмус+ бағдарламасының «Информатика саласындағы PhD докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталығы» «ACeSYRI» жобасы аясында «Заманауи ақпараттық технологиялар және жүйелерді компьютерлік модельдеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізді.
Конференция Қазақстан, Ресей және Еуропалық Одақтың университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Алыс-жақын шетелдік әріптестермен ғылыми тәжірибе алмасу арқылы, IT бойынша барлық салаларға үлес қоса алатын зерттеулерді жүйелемек.
Оқу орны тарапынан баяндама жасаған Компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Әбділда Төрешбайұлының айтуынша мұндай ауқымды конференциялар жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ақпараттық технологиялар саласында тың жаңалық ашуға септігін тигізбек. Себебі жыл сайын информатика саласы жаңарып, цифрландыру қарыштап дамып жатыр. Сондықтан Халықаралық деңгейде конференция ұйымдастыру университет тәжірибесінде алдағы уақытта да жиі жүзеге асады.
Темірболат Ыбрайұлы Кеншінбай, Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы бойынша АСИСИРИ/ACeSYRI жобасының Қорқыт Ата университетіндегі үйлестірушісі:
«Бүгінгі конференцияға Германия, Словакия, Болгария, Ресей, Украина және Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 90-нан астам мақалалар келіп түсті. Конференция жұмысы онлайн форматында өткізілді және пленарлық отырыс пен қатар 5
секция бойынша панельді пікірталас ұйымдастырылды. Болашақта университеттің магистранттары мен докторанттары ғылыми жұмыстардың бағыттарын айқындап, мақала жазуға, пікірталасқа қатысуға ықпалын жасайды деген ойдамын.»
Университеттің медиа орталығы
Бөлім басшысы Бакбергенова Ботагөз Нұрлыбекқызы
Тел:8/7242/262134; 87774558888
Ресми веб-сайт: korkyt.edu.kz
Instagram: qorqytata_university
09 маусым 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930