«БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНАН ШИЕЛІ ДЕ ШЕТ ҚАЛМАДЫ
Қызылорда облысында 5 маусым «Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» мерекесі қарсаңында «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Аудандарын мен қала аумағында ұйымдастырылған бұл шарадан Шиелі ауданы да шет қалмады. Әкімдік қызметкерлері, Ішкі саясат бөлімінің мамандары, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері және де түрлі бөлім қызметкерлері бас қосып, сенбінің таңын осындай қайырлы іспен бастады бүгін.
Бірі ағаштарды сырласа, енді бірі арықтарды қоқыстан тазартты. Мұндағы басты мақсат қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сенбілік өткен аумақ әп сәтте тазарып, өзгеше күйге енді. Мұны көріп марқайып қалған акцияға қатысушылар, алдағы уақытта да сенбілікті дәстүрлі түрде өткізуді мақсат тұтты.