Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдарға 1 маусымнан бастап қағаз анықтамалар беріледі.
Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;
2) шетелдік азаматтарға осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді.
Сондай-ақ, дәрігерлер мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады.
1 шілдеден бастап шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін қазақстандық мәліметтер базасына енгізіледі.
1) Растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шет елде КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді 2021 жылғы 1 шілдесінен бастап ҚР ДСМ ХТТ "Вакцинация" модуліне енгізіледі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі растайтын ақпарат ұсынған жағдайда клиникалық зерттеулер шеңберінде QazCovid-in (QazVac) вакцинасымен КВИ-ге қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді модульге енгізеді;
3) ҚР БҒМ растайтын ақпарат ұсынған жағдайда QazCovid-in (QazVac) вакцинасымен КВИ-ге қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге коронавирусқа қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізіп отырады. 
30 мамыр 2021 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031