Жер комиссиясы: Алғашқы отырыста не айтылды?
Жексенбі күні Елорда да Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссияның міндеті – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қатынастары саласын дамыту мәселелері бойынша ұсынымды әзірлеу.
ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық ететін комиссия отырысында төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов болды. Жалпы комиссия құрамында 80 адам бар. Вице-премьердің айтуынша, комиссияның 60 пайызы азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар. Жиынға 44 адам өңірлерден онлайн арқылы қатысты. Бірлі-жарым спикердің орыс тілінде сөйлегенін айтпағанда, отырыста қазақ жерінің мәселесі қазақ тілінде талқыланды. Сонымен, Күлтөбенің басында өткен бас қосуда қандай ұсыныстар айтылды? Бабадан мирас болып қалған осынау байтақ даланың алдағы тағдыры не болмақ? Міне, осы сауалдарға жауап іздеп, комиссия отырысына қатысқан спикерлердің сөздерін назарларыңызға ұсынып, сондай-ақ жайылымдық жерге қатысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен қордаланған біршама мәселелерге тоқталып өтпекпіз.

Иә, қазақ тарихында жер дауы әуелден бар дүние. Соның бірі 2016 жылы Парламентте көтерілген ауыл шаруашылық жерлеріне қатысты заңнамаға қоғамда резонанс туып, халықтың қарсы болуы. Міне, содан бері еліміздің ауылшаруашылық жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке, шет елдіктерге, шет елдік заңды тұлғаларға, шет елдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жалға беруге мораторий енгізілген болатын. Ал, осы жылдың 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5 отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін шет елдіктерге және шет елдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салу туралы саяси шешімін жариялады. Бұл бойынша Заң жобасы 12 наурызда Парламентке енгізілді. Жиында вице-премьер Е.Тоғжанов бас қосудың басын ашып айтып, «Бүгінгі комиссияның міндеті – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қатынастары саласын дамыту мәселелері бойынша ұсынымды әзірлеу» деді.
Комиссия отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану туралы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. «Бүгінгі күні Мемлекеттік шекарадан ара қашықты айқындай отырып, шекара маңындағы аймақта ауыл шаруашылығы жерлерін шет елдіктерге, шет елдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған азаматтарға беруге тыйым салынған.
– Ұқыпсыз жер пайдаланушыларды пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыдан мәжбүрлеу мақсатында, 2020 жылы желтоқсанда салық кодексіне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне арналған салық мөлшерлемесін 10 еседен 20 есеге дейін ұлғайтуды көздейтін түзетулер қабылданды. 2016-2020 жылдар аралығында 15,4 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, – деді министр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ақылбек Күрішбаев: «Меніңше, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікке емес, тек мемлекеттің құзырында болуы керек» деген ұсыныс айтты.
Ал елдегі латифундистермен ашық айқасқа барып, жер дауының бел ортасында жүрген саясаткер Мұхтар Тайжан:
– ҚР азаматтығын беру тәртібін қатаңдату керек. 2016 жылы халық көшеге шыққан кезде, жер ешкімге сатылмасын деп айтты. Сондықтан біз ҚР азаматтарына да жеке меншікке жерді бермеуіміз керек. Мен қазір ауыл шаруашылығына арналған жерлерді айтып отырмын. Яғни, Қазақстанның 80 пайыз жері туралы айтып отырмын. Тағы бір айтарым, Жер кадастры ашық болуы керек. Жер кімнің қолында, кім игеріп жатыр, кім пайдаланып жатыр деген ақпараттар халыққа айқын болуы тиіс – деді. Бұдан бөлек отырыста сөз алған жерлесіміз Мұрат Әбенов:
– Жерді сатып қана нарық жасамайды, көп мемлекеттерде жалға беру нарығы бар. Жылда бағасын белгілейді. Сосын бүкіл қоғам, сол мемлекеттің азаматтары жерді жалға беру арқылы пайдасын көреді. Бізде сол жүйені пайдалануымызға болады. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жер қатынастары бойынша қандай сыбайлас жемқорлық фактілері бар екенін баяндап берсе деген ұсынысым бар. Жер қатынастарының әлеуметтік-демографиялық жағдайға әсері қандай болатыны туралы ақпарат болғаны дұрыс. Және осы комиссияда дауыс беруді атын атап көрсету керек. Өйткені жерді жеке меншікке беруді қолдап отырған азаматтар болуы мүмкін. Олардың кім екенін барлығы білуі керек, – деді саясаткер.
Комиссия отырысында жерді жалға беруде ашықтық болуы керектігі де айтылды. Жиында Президент тапсырған ашық қоғам сақталып, айтылған әңгіме мен көтерілген мәселелер тікелей эфирде көрсетіліп, ашық түрде талқыланды.
Әзірлеген –
Елдос Жүсіп
Елдос Жүсіп