Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елге 4 мың қандас көшіп келді

Биыл елге 4 мың қандас көшіп келді

 Жыл басынан бері Қазақстанға 3966 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жалпы, Қазақстанда 1991 жылдан бері 1 млн 750 мыңға жуық этникалық қазақ көшіп келген.
Осы жылдың басынан бастап елге келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – Қытайдан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% – басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.
04 сәуір 2021 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031