АУДАН ӘКІМІ ҚАМБАРБЕК МҮБАРАКОВ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі ағайын!
Баршаңызды еңбек пен берекенің, бірлік пен татулықтың бастауы болған 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам тіршілігі табиғатпен астасып жатқан қазақ қоғамында жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Сонау арғы тарихтан бастау алып, кешегі егемендік алған тұста қайта жаңғырған Наурыз мейрамы дәстүрлі мерекеге айналып, жыл өткен сайын мағынасы толығып, елімізде мекен етіп жатқан барша халықтың ортақ мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасында 10 күн бойы тойлау туралы тапсырма беруі ұлттық құндылығымызды жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің маңыздылығын көрсетті.
Өздеріңізге белгілі, әлемді жайлаған пандемия жағдайында карантиндік талаптарды ескере отырып, ауданымызда Ұлттар бірлігін насихаттау үшін «Көрісу күні», мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы, жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларына барып, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жалпыаудандық сенбілік жарияланып, саябақтар мен көшелер тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылады. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында қазақтың ұршық иіру, текемет тоқу, диірмен тарту және ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда алтыбақан ойыны ұйымдастырылады.
Алайда қазіргі пандемия жағдайында аурудың өршуіне жол бермеу үшін тиісті шараларды қатаң сақтауымыз қажет. Біз береке-бірлігіміздің арқасында бұл қиын-қыстау кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін.
Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, дүние ерекше өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын!
Елге нұр, жерге нәр берген Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!