ЖАСТАР САРАЙЫ 2021 ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

«Көкшоқы» мөлтек ауданында салынып жатқан жастар сарайы ғимаратының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жастар сарайында жас өрендер мен бастамашыл жастар жаңа идеяларын жүзеге асырып, бос уақытында пайдалы істермен айналысатын болады. Сондай-ақ жастарға арналған мәжіліс залында түрлі мәдени шараларды өткізуге қолайлы. Ғимаратты көрген аудан әкімінің орынбасары құрылысты салып жатқан мердігер ұйым «Авангард ПГС» ЖШС өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жүргізу керектігін қатаң ескертті. Бас мердігердің айтуы бойынша, нысанды тапсыру 2021 жылдың мамыр айында жоспарланған көрінеді. А.Әбілқасымұлы ерекше тоқталған тағы бір мәселе бұл көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Аудан әкімінің орынбасары А.Есмахановтың тек құрылыс жұмыстарымен шектелмей тал егу, көгалдандыруға да ерекше мән беру керек деді.
«Өскен өңір» ақпарат