Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 8 колледж жабылды

Қазақстанда 8 колледж жабылды

Көрнекі сурет: newsmir.info
Қазақстанда 8 колледж жабылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, колледждердің лицензияларын қайтару жұмыстары жүрді, олардың білім беру қызметі толығымен тоқтатылды.
Министрліктің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізу аясында қажет материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Олардың кейбірінде талапкерлер қабылданбаған да.
"Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжі оқуды аяқтап, лицензияларын өз еркімен қайтарды. Жалпы, барлық жабық колледж студенттерді басқа оқу орындарына ауыстыруды уақытылы қамтамасыз етіп, оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті", - делінген хабарламада.




12 ақпан 2021 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930